Физика 7 сынып
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ жоспары:
Тақырыбы: Масса және заттың тығыздығы
Мақсаты: Масса және заттың тығыздығы туралы ұғымын меңгерту және топпен жұмыс істеуге, сын тұрғыда дамыту
Міндеті: - масса және заттың тығыздығы туралы түсінікті сын тұрғыда ойлауға қалыптастыру
- метатанымды қалыптастыру
- топпен жұмыста өзін - өзі бағалауды үйрену
Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлау. АКТ. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Стратегиялар:: Топқа бөлу Туған айымен мезгілмен, сергіту сәті, Билейтін суыр “Венн” диаграммасы, Ой түрткі , Миға шабуыл , рефлексия Екі жұлдыз, бір тілек
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа даярлығын қадағалау.
Топқа бөлу үшін оқушылардың қай айда туғандарын сұраймын.
Оқушы белсенділігін арттыру, алдағы жұмыстың алгоритмін түсіндіру.
Тақтаға масса сөзін жазу
- масса дегеніміз не?
- масса қандай әріппен белгіленеді?
- массаның өлшем бірлігі?
- массаның тағы қандай өлшем бірліктерін білесіңдер?
- дененің массасын анықтау тәсілдері.
- Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы масса және тығыздық екенін айтып, сабақтың тақырыбын тақтаға жазу.
- Сабақтың мақсатын түсіндіру.
- денелердің бір - біріне әрекет етуі?
- денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру дәрежесін анықтайтын шама?
Тәжірибе жасау
Көлемдері бірдей темір, пластмасса, ағаш алайық. Осы денелерді таразыға тартып, олардың массасын өлшейміз. Тәжірибе нәтижесі арқылы кестені толтырамыз.