Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Дүние жүзі тарихы 9 сынып
Тақырыбы: Азия мен Африкадағы араб елдері.
Мақсаты: Азия мен Африкадағы араб елдерінің жалпы жағдайына сипаттама беріп, батыс елдерінің осы елдерге жүргізген саясатын ашып көрсету, тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуын және араб елдеріндегі ұлт - азаттық күрестің нәтижелері туралы меңгерту.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар Азия мен Африкадағы араб елдерінің жалпы жағдайы және араб елдеріндегі ұлт - азаттық күрестің нәтижелері туралы білімдерін толықтырады, меңгереді.
Негізгі дерек - көздер Плакаттар, маркер, стикерлер, интербелсенді тақта
Кіріспе бөлім 2 минут
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын тепе теңдік тренингі арқылы қалыптастырамын.
Топқа бөлінуге нұсқау жасаймын.
6 минут Күн шуағы әдісі бойынша үй тапсырмасын сұраймын.
Негізгі бөлім 25 минут
Оқулық бойынша тапсырмаларды кластер әдісі бойынша талдатамын.
Қорытынды 7 минут
жалғыз аяқ жол әдісі бойынша жаңа сабақты қорытындылатамын.
Бағалау 3 минут
Бағалау парақшаларына нәтижеге жеткен, жетпегенін жаздыртамын.
Ауызша мақтау, мадақтау арқылы формативті бағалаймын.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы
№ 26 Жамбыл атындағы мектеп – гимназиясы
Тарих пән мұғалімі: Жоланова Лаззат Сатбаевна
Азия мен Африкадағы араб елдері. жүктеу