Апама айтайын

Скачать

Адасқан арман (5 көріністі қойылым)

1 көрініс.
(Сахна ашылады)
(Көңілді музыка. Бөлме іші. Интернет қарап отырған Қосай мен Парасат отырады)
Парасат: Қарашы, Қосай мен міне біздің қаладан бізге лайық мамандық таптым.
Қосай: Жақсы болды ғой. Қайсы көрсетші. Апама айтайын. Апа, апа...
(Анасы ішке кіреді)
Толқын: Не болды? Айтсаңдаршы. Бірдеңе таптыңдарма.
(Компьютерге үңіліп қарайды)
Толқын: О, құдай - ай. Осы күнгі балаларда ештеңе ойлай бермейді. Ұзтаздарда қызық 9 - сыныптан шығыңдар дейтін көрінеді. Ол бала - лардың жататын жері, оқитын ортасы қандай болмақ?! Оны ойлап жатқан ешкім жоқ. Әйтеуір 9 - дан шығарып құтылса болды. Не дейін, оны естіген балалар қалаға кетемін, қалаға кетеміз деп жанұшырып мәз болып жүр. Қой, ойбай, жаңағыларға шәй қойып қояйын.(шығып кетеді)
Қосай - (қыздарға телефон шалады) Зухраларға хабарласайық. Қыздар не деп шешіп жатыр екен(қыздарға телефон шалады)
Қосай - Алло, Зухра біздер Парасат екеуміз 9 - сыныптан шығатын болдық. Колледжге тапсырамыз. Сендер не істейсіңдер? Мәссаған, сендер тапсырмайтын болдыңдарма? Өкінішті - ақ. Біз Парасат екеуміз екі - үш күннен кейін қалаға журеміз. Қызық дәурен сүре - міз. Қалада достар табамыз. Көрікті жерлерін аралап, Дискотека, 3Д, 5Д барамыз. Міне қаланың өмірі. Апайлар мен ағайлар бізді ҰБТ - тапсыра алмайсыңдар, мектептен шығыңдар дегені жақсы болды. Әйтпесе, бізді қалаға кім жібереді дейсің. Өмір сен неткен керемет едің.
(Ар жақтан мамасы айқайлайды, шәй ішіңдер деп ).
Қосай: Пай - пай өмір, өтесің - ау бір күні
Тиярсың - ау қуанышты, күлкіні
Өмір деген бір жарқ еткен найзағай
Өмір деген көк аспанның күркілі
Пай - пай өмір өтерсің - ау бір күні
Парасат: Қосай, сен қыздарымызды ұмытып кетіп жүрме.
Қосай: Жоға, қалай ұмытам. Тек еске түскен өлең шумақтары ғой, қуанғаннан шабыттанып өлең шумақтарын еске оралып тұрған.
Дүниенің ағын да, қарасын да
Мыңқ етпейсің қабылдап аласыңда
Қарасымен шамаң жоқ таласуға
Ей, өмір зымырап барасың ба
Парасат: Пай, пай! Біздің ақын жанды Қосайымыз талай қыздардың арманы ғой. Мынандай өлеңдерді өзің шығарып жатырсыңба?
Қосай: Ай, өмірдің өзін өлеңмен өрнектеген Мұқағали ағамның өлең - дер ғой. Мұқағалидай өлең шығарсам арманым барма?
(Ар жақтан анасының шәй ішіңдер деген даусы естіледі)
Қосай: Апамның шақырғанын ұмытып кеткенбіз ғой. Кеттік шайға, Парасат жан.
(Екеуі сахнадан шығып кетеді)
(Жарық сөнеді)
2 - көрініс.
(Жарық жанады)
(Жатахана бөлмесі) Әуен ойнап тұрады. Парасат пен Қосай асын - ған сөмкелері бар ішке кіреді. Арттарыңда комендант қолында көп кілті бар) Барлығын түсіндіріп жатады)
Комендант: Ал, жігіттер. Мынау сіздердің бөлмелерің. 362 бөл - ме. Барлық жағдай бар. Ыссы, суық су ағып тұр. Жылуы жақ - сы. Кереуеттерің, шкаф барлығы орнында. Тек 10 нан кейін далаға шығуға, сырттан кіруге болмайды. Арақ ішіп темекі тартпайсың - дар. Ал бөгде қылық корсетсеңдер бірінші жатаханадан, екінші колледжден шығарыласыңдар. Түсінікті ме!
(Екі жігіт) қосарлана:
Түсінікті жолдас комендант!- деп чест береді.
Комендант:(жымия) Әзілдерің бар болсын! (комендант шығып кетеді)
(Екі жігіт мәз болып)
Парасат: Студенттік өмір міне, ай - хай шіркін жастық шақ, жалында жастық шақ.
Қосай:(өлең)
Парасат: Міне, саған ақынжанды жігітім. Ой - хой дүние. Жаңа - өмір басталды деген осы жігітім. Еркіндік. Азатпыз.
Қосай: Қой, неден азатсың.
Парасат: Ұрсып, үйден кешке шығармайтын әке - шеше жоқ. Кеше кайда болдың деп ұрсатын мұғалімдер жоқ. Рахат өмір емес пе?
(Осы кезде бір топ жас жігіттер кіріп келеді. Дінге, баркерлік киім киген қыздар мен жігіттер кіріп келеді).
Руслан: Ассалаумағалейкум, жігіттер. Алланың құлы пайғамбардың үмбеті.
(жігіттер қол алысып танысады)
Баркер: Менің атым - Эдик. Қазақша айтқанда Еркінбек. Достарым Эдик дейді.
Руслан: Бірге намаз оқысаңдар О, дүниенің қызығын бұ дүнйеде на - мазға жығылып, жүректеріңе иман құйып, шариғатқа шақ келтір - мей, намаз оқыңдар. Бұ дүниедегі жіберген қателіктеріңді намазбен жуып шайыңдар.
Мағжан: Ой сен де. Бізді намаз, уахаб қызықтырмайды. Басқаларды үгіттесейші.
(Діни жігіт жүрегіне қолын қойып шығып кетеді).
Мағжан: Сендер мынаны қараңдар. Өмірдің қызығы осыда. Бір шегіп көрсең дүниенің бәрін ұмытып, періштедей боп кетесің.
Қосай: Қой ондайды. Шегет деген не өзі?
Мағжан: Дымда етпейді бір рет шегіп көрсең ештеңеңде кетпейді.
Парасат: Қайдағыны айтып отырсың?
Мағжан: Міне қара.
(Мағжан шегіп көрсетеді екеуі аң таң болады)
Жанғали: Өмір деген керемет. Ғажап жұмақта жүргендей сезінесің.
Қосай: Қайсы көрейік.
(Қосай алуға ұмтылады. Парасат Қосайдың қолын қағып қалады)
Парасат: Барыңдар. Темекілерің өздеріңе. Ғажаптарың өздеріңе.
(Парасат балаларды барыңдар деп шығарып жібереді)
Қосай: Қандай ғажаптан айырдың. Бір шеккенде ештеңеміз де кетпес.
Парасат: Қойшы қайдағыны айтпай. Оданда көшеге шығып келейік.
Жарық сөнеді

3 - көрініс
(Жарық жанады)
(Бөлме іші. Стол. Парасат пен Қосай кітап оқып отыр. Мағжан кіріп келеді.)
Мағжан: Ау, жігіттер не істеп отырсыңдар?
Парасат: Жай. Ақыным өлең оқып жіберші. Өлең оқымағалы көп болды - ау.
Қосай: Мен өлең оқи алмаймын.
Парасат: Мә қасқа. Мінез бар екен. Ол жақсы. Мінездің болғаны жақсы. Мінезді адамнан жақсы өлең шығады.
(Есік қозғалып бір қыз кіріп келеді)
Ләззат: сәлем жігіттер, мен келдім
(Ақынға таң қала қарайды. Қосай шын састы) Орнынан ұшып тұрып
Қосай: Сәлем.
Ләззат: Мағжанның мақтаған жігіті осы екен ғой.
Қосай: Иә, иә Мағжан мақтаса, мақтауға лайык болған шығармыз.
Ләззат: Иә
Парасат: Сен неге келдің?
Ләззат: Жігіттер шақырғасындағы (майысып)
(Мағжан кіріп келеді. Қасында 1 баркер жігіт бар)
Мағжан: Достар кеш жарық!
Қосай: Ешкің арық.(Күлкіге айналдырып, әзілмен жауап береді.)
Мағжан: Отырайық қане, достар таң атқанша мәз болып....(әндете бастайды)
(Парасат жігіттерге жақтырмай карап)
Парасат: Сендерді кім шақырды осы?
Мағжан: Мынауың қалай - қалай сойлейді өзі
Қосай: Парасат, үндеме мен ғой шақырған.
(Мағжан Парасатқа ұмтылады. Парасат курткасын алып шығып кетеді.)
Мағжан: Кетсе кетсін барып тұрсын.
Қосай: Парасаттың кеткені жақсы болмады.
(музыка қойылып, арақ ішіледі, жастар билейді)
Баркер жігіт: (Телефонын алып, қыз - жігіттерді шақыра бастайды)
Масаңдау Қосай диванға отырады. Ләззат Мағжанға көзін қысып, болсаңшы деп ымдайды. Мағжанның қасындағы 2 жігіт есірткі егеді. Жігіттер бәрі шығып кетеді.

Онды ауылының драма ұжымы
Авторы: Демесін Мәдина

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz