Төрт түп алма, Төрттік алғандікі

Скачать

Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы,
Жаңажол ауылы, Ғ. Мүсірепов атындағы орта
мектебінің жанындағы Балдәурен
шағынорталығының тәрбиешісі
Төребекова Әсемгүл Айдарханқызы

Тақырыбы: Бау - бақшада, бақтарда
Мақсаты: Білімділік: Балалардың сөздік қорын заттың сапасы мен құрамын білдіретін (көлемін, түсін, пішінін) сөздермен байыту, балалардың сөздігіне көкөніс пен жеміс туралы жалпы түсінікті білдіретін сөздерді енгізу.
Дамытушылық: Сөздік қорын дамыту және дыбыстарды анық айтуға баулу
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру
Көрнекіліктер: тіл дамыту дәптері, жемістер мен көкөністер муляждары, АКТ.
Сөздік жұмыс: бау - бақша, бақ.

Ұйымдастыру:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды қаламыз!
Сұрақтар:
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі екенін қайдан білеміз
- Ал бүгін аптаның қай күні
- Сәрсенбі қандай күн?
- Бәріне сәттілік тілеу:
- Балалар, күндерін сәтті өтсін!

Сабақтың барысы:
- Балалар, бүгінгі біздің оқу іс - әрекетіміз жемістер мен көкөністер туралы және олардың қайда өсетіні туралы болады.
- Қане, күз мезгілінде пісетін жемістер көкөністерді атайықшы?
- Олай болса, себеттегі жемістер мен көкөністердің біреуін алып, оның атауын айтып, түсін, пішінін айтып, әңгімелеу. Мысалы, мынау алма, оның түсі қып - қызыл, пішіні дөп - дөңгелек, дәмі тәп - тәтті т. б.

Дидактикалық ойын: Жемістер мен көкөністерді ажырат
Мақсаты: балаларға жемістер мен көкөністерді қайда өсетінін, оларды ажырата білуге баулу. Саусақ маторикасын дамыту
- Жемістер қайда өседі?
- Ал көкөністер ше? (егер білмесе қайталату)

Сергіту жаттығуы: Шие
Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.
(Ә. Дүйсенбиев)
( З дыбысының дұрыс айтылуын қадағалау).
- Алманы ағаштан қалай аламыз?
Кәне, бақтағы ағаштардан жемістерді үзіп - үзіп алып жинайықшы.
- Көкөністер мен жемістерді қай мезгілде жинаймыз?
Күз! Күз! Күз!
- Кәне, енді бәріміз тәтті жемістерді жегісі келіп, дәмін татқысы келіп ұшып жүрген ара болайықшы. Ыз - ыз - ыз!!!
- З дыбысы бар қандай жемістер мен көкөністердің атауын білесіңдер ме?
- Балалар, бізге осындай дәмді жемістері мен көкөністерін сыйлаған асыл өлкемізге, жерімізге арналған тақпақты қайталайықшы.

Отаным менің кең - байтақ.
Жайнаған сансыз қаласы
Жайқалған жомарт даласы.
Ел - Отан біздің кең байтақ.
Отанның біздер баласы

Жұмбақ:
Аспай піскен, қайнамай түскен.
(Жеміс)
(Түсіндіру жұмысы жүргізіледі)
- Неге ол аспай, қайнамай піседі?
(Оларға күннің көзі, яғни күн пісуіне көмектеседі.)
- Жемістерді жемес бұрын не істеу керек?
- Жемістердің, көкөністердің мол болуы, үлкен - үлкен болып өсуі неге байланысты?

Жаңылтпаш:
Бес түп алма,
Бестік алғандікі.
Төрт түп алма,
Төрттік алғандікі.
Бестік алған,
Төрт түп алмайды.
Төрттік алған,
Бес түп алмайды.
(4 - 5 сандарын және алманы көрсету арқылы қайталату)

Сабақты бекіту:
Сабақ барысында аталған жемістерді интербелсенді тақта арқылы
Бау - бақша сөзжұмбағы бойынша пысықтау.
- Еңбек туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
Еңбек - адамның екінші анасы ...

Қорытындылау: Балаларды мақтап, мадақтау.


Скачать


zharar.kz