Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді бөлу (слайд)
Сабақтың мақсаты:
Ондық бөлшектерді бөлуді меңгеру.
Білімдік талаптары: Бөлшектер туралы теориялық білімдерді пайдалана отырып, ондық бөлшектерге амалдарды қолдану ережелерін оқушы санасына бекіту, тиянақтау.
Дамытушылық: Оқушыларды белсенді шығармашылық жұмысқа, іскерлікке дайындау, өз бетімен еңбектену сезімдерін және оқушылардың білім дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың зейіндерін шоғырландыру, ұқыптылыққа, дәлдікке, ұжымда бірлесе отырып жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Оқыту әдісі: ойын арқылы оқыту
Оқыту формасы: Жеке және ұжымдық, топтық.
Жабдықтау: Интерактивті тақта, слайд, фишкалар, гүлдердің суреті
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Қайталау, пысықтау: ережелер сайысы, ауызша жаттығулар.
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Сергіту сәтті.
5. Жаңа сабақты бекіту
6. Өз бетімен жұмыс
7. Қорытындылау.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, 3 топқа бөлу. Оқушыларды үш топқа бөлу үшін оларға қиылған суреттердің кескіні таратылады. Таратылған кескіннің сыртында 1, 2, 3 деген цифрлар жазылған. 1 цифрын таңдаған оқушылар бөлек партаға, 2 цифрын таңдаған оқушылар бөлек партаға, 3 цифрын таңдаған оқушылар бөлек партаға отырғызып кескіндерден суреттер құрастырады. Пайда болған суреттер қызғалдақ, раушан және түймедақ гүлі, топтардың атын осы гүлдермен береміз.
Топтар төмендегі өлең шумағын тақтадан оқиды.
Бірімізге – біріміз
Басымызды иеміз,
Бірімізге - біріміз
Көмектесіп жүреміз!
Жақсы оқып сабақты
Тәрбиелі боламыз.
2. Қайталау, пысықтау: ережелер сайысы, ауызша жаттығулар
Қайталау қарлы кесек ойыны арқылы жүргізіледі. Әрбір дұрыс жауапқа бір фишкадан беріледі.
1) Ондық бөлшектерді қосу және азайту;
2) Ондық бөлшекті көбейту:
а) натурал санға көбейту;
ә) 10, 100, 1000 т. с. с. көбейту;
б) ондық бөлшектерге көбейту.
3) Ондық бөлшектерді бөлу:
а) натурал санға бөлу;
ә) 10, 100, 1000 т. с. с. бөлу