Қазақ тілі - эвфемизмге бай тіл

Скачать

Қазақ тілі 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Эвфемизм, дисфемизм
Мақсаты: білімділік: Эвфемизм мен дисфемизмдердің тілдік сипатын, ерекшеліктерін таныту арқылы жаттығу жұмыстарын орындату;
дамытушылық: Оқушылардың ойлау, сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік: Ұлттық салт - дәстүрдің тілдегі көрінісі арқылы ұлттық құндылықтарды бағалауға үйрету;
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Талдау, өз бетімен жұмыс, жинақтау, салыстыру

Барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабақ процесіне дайындау
Ой қозғау
Жазуы кенжелеу дамыған халқымыз сөз өнеріне ерекше мән берген. Халқымыздың бүкіл арман - мақсаты да, таным - түсінігі де, өткенінің ізі де сөз өнерінде жатыр. Барлық тағылым - тәрбиесі де, білімі де, болашаққа деген аманаты да сөз арқылы берілген.
Біздің бүгінгі сабағымыздың эпиграфы
Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы – сөз.
(Олжас Сүлейменов)

ә) Үй тапсырмасын тексеру
102 - жаттығу. Тыйым сөздерді жаттап алыңдар.
Олардың табуға жататын, жатпайтынын дәлелдеңдер.
Жалпы, тіл ғылымынан сөздердің бірінің орнына бірі жұмсалу құбылыстары бар екенін білесіңдер. Қазір Дөңгелек үстел жасап, осындай тілдік ұғымдар мен оларға мысал келтірейік.
Мысалы: Ауыспалы мағыналы сөздер – Бастапқы мағынаның негізінде туған туынды мағына – Арыстан еді Исатай - Ер жүрек
Синонимдер – Мағыналары жуық сөздер – Сұлу, әдемі
Табу сөздер – Атауға тыйым салынған сөздер – Қасқыр – Жаман ауыз

б) Жаңа сабақ
Ойды сыпайы, әдепті, жағымды етіп жеткізу мақсатында қолданылатын сөздер эвфемизмдердеп аталады.
Қазақ тілі - эвфемизмге бай тіл. Эвфемизмдер тілдің сөз байлығын көрсетеді.
Ауызекі сөйлеуде адамның эмоциялық жағымсыз көңіл - күйі мен ішкі мәдениетінің төмендігі салдарынан қолданылатын дөрекі, әдепсіз сөздер дисфемизм деп аталады.

Болжау
Қалай ойлайсыздар, қандай сөздерді жақсы етіп айтуға болады деп ойлайсыздар? Мысал келтіріп көрейік.
- Дөрекі сөздерді
- Тақтада берілген мысал сөздердің эвфемизм немесе дисфемизм екенін ажыратып көрейік.
Мысал --------------- Эвфемизм --------------- Дисфемизм
Топас
Сөзуар
Мылжың
Ұрлықшы
Мүгедек

в) Жаттығу жұмыстары
106 - жаттығу. Қарамен берілген сөздер қандай сөздердің орнына қолданылғанын түсіндіріңдер. Эвфемизм не дисфемизм екенін ажыратып айтыңдар.
Эвфемизм - Ақ саусақтар
Дисфемизм - Ит терімді


Скачать


zharar.kz