Эвфемизм мен дисфемизм

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Эвфемизм мен дисфемизм.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – сыпайы сөздер мен дөрекі сөздердің табиғатын таныту. Шығу төркінін, этимологиясын, семантикасын түсіндіру.
Тәрбиелік – сөйлеу мәдениетін арттыру, ауызекі сөйлеу тілінде дөрекі, жағымсыз сөздерден аулақ болуға, таза, әсерлі сөйлеуге төселдіру.
Дамытушылық – сөздік қорларын сыпайы сөздермен толықтырып, тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың түрі:. Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: топқа бөлу, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары. Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Көрнекілігі: кеспе карталар, Қазақ тілі оқулығы 5 - класс.

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру бөлімі.
1. Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Туыстық қарым - қатынас тақырыбында мәтін жазу. Ішінде табу сөздерді қолдану.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. Зымыран сұрақтары арқылы
1. Лексика дегеніміз не?
2. Сөз деп нені айтамыз?
3. Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?
4. Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не?
5. Көп мағыналы сөз деп нені айтамыз?
6. Омоним дегеніміз не?
7. Синоним дегеніміз не?
8. Антоним дегеніміз не?

ІҮ. Мағынаны тану бөлімі
2. Қ. Мырза - Әли
Қызыл шоқтай қарыған,
Қазаққа тіл дарыған.
Бір сөзге ол семіріп,
Бір сөзден ол арыған.
Сипақтама, терлеме,
Сөйле, қане, ұшыңдар,
Тілді бізге бермеген,
Тістеп жүру үшін құр.
Келер пәле басыңа,
Кемел сөзге мін тақсаң.
Қастың өзі досыңа,
Айналады тіл тапсаң.
Жарлымын деп қаймықпа,
Намыс болса қасыңда.
Байлық деген байлық па,
Тіл байлығы жанында.

Жаңа материалды меңгерту,
Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Эвфемизм мен дисфемизм деп аталады. Кейде бір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу естіледі, көңілге жағымсыз тиетіндей сыңайы байқалады. Ондай жағдайда олар басқа сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырылып айтылады. Бұндай құбылыс тілде эвфемизм деп аталады.
Мысалы мылжың, деудің орнына сөзуар, өтірік айту дегеннің орнына қосып айту , ұрланды дегеннің орнына ала жібін аттамау деген сөз тіркестері. Қолды болды өлді дегеннің орнына о дүниеге аттанды, қайтыс болды, жан тәсілім етті, деген сияқты тұрақты тіркестер қолданылады. Эвфемизм дер ойды бейнелеп, көркемдеп жеткізудің бір тәсілі.
Күнделікті ауызекі сөйлеуде әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөздермен ауыстырып айта беру әдеті де кездесіп қалады. Мұндайды дисфемизм деп атайды. Дисфемизм мағынасы жағынан эвфемизмге қарама - қарсы құбылыс. Дисфемизм кеміту, кемсіту, қорлау, іске жаратпау ұғымын тудырады. Мысалы: боқмұрын, қолынан боқ келмеу, боғымен жас -
ты баламен ойнау, боғы ботқа болу, қырт, қыртпа.
Дисфемизмдер - әдеби тілдің үлгісіне жатпайды. Дисфемизммен сөйлейтін адамдар мәдениеті төмен, әдепсіз адамдар деп есептейді. Бұлар көбінесе көркем әдебиетте ауыз екі сөйлеу үлгісі ретінде кейіпкерлердің тілінде кездеседі.

Орындалатын жаттығу: 104 - жаттығу. Берілген тапсырма: дөрекі сөздерді теріп жазу.

Ү. Толғаныс бөлімі
Тапсырма: дөрекі, әдепсіз сөздердің мәнін ашып, дисфемизмдерді эвфемизмдерге айналдырыңдар.
1. Ерінен айырылған көмгенше жылайды,
Елінен айырылған өлгенше жылайды.
(көмгенше – жерлегенше, өлгенше – өмірінің соңына дейін)
2. Қақылдаған тауық тумай қоймайды.
(тумай – жұмыртқаламай)
3. Шошқаға ерген балшыққа аунар.
(шошқаға – нашар, жаман адамға)
4. Жолдасың соқыр болса,
Сен де бір көзіңді қысып қой.
(соқыр – көзі көрмейтін адам
5. Ешкі егіз туып, қойдан көп болмас.
(туып – лақтап)
6. Қарғаның бір көзі оқта, бір көз боқта.
(боқта – жаман нәрседе)
7. Сараң да бір, сасық су да бір.
(сасық – лас, иістенген)
8. Өсекшінің тілі қышып тұрады.
(өсекші – сөзуар)
9. Қысыр сөзде қырсық көп.
(қысыр – жаман, мәні жоқ)
10. Итпен жолдас болсаң, таяғыңды тастама.
(итпен – сенімсіз адаммен)

Орындалатын жаттығулар: 105 - жаттығу. Берілген тапсырма: ырым - тыйымдарды талдау.
106 - жаттығу Берілген сөздерді эвфемизммен ауыстырып жаз
Ұры - қолының сұғы бар
Өсекші - сөзуар
Боқмұрын - кішкентай
Соқыр - көзі көрмейтін адам
Саңырау - құлағының кемістігі бар
Ақсақ - аяғының кемістігі бар адам
Мылқау - тілі жоқ
Қырт - айтқанға көнбейтін, көне қоймайтын адам
Жынды - ақыл - есі кем адам.
Топас - милау, мисыз
108 - жаттығу мәтінде қандай ырым туралы түсінік бар? Түс көру туралы қандай тыйым сөздерді білесіңдер? Оның табумен байланысы бар ма? Өздерің түс көргенде үлкендерге, достарыңа айтып бөлісесіңдер ма? Естеріңе түсіріңдер?

ҮІ. Ойын ойналады. Сергіту сәті Ойын шарты: мұғалім сөздерді оқыған кезде оқушылар әдепті сөз кездессе, екі қолын қысып, қолдағандығы жөнінде ишарат білдіреді , әдепсіз сөз кездессе, екі алақанымен екі бетін ұстап, ұялғандығы жөнінде ишарат білдіреді .
сөзуар, өтірік айту, қолды болды, өсекші, боқмұрын, сөз тасиды, боғы ботқа болу, соқыр, о дүниелік болды,

ҮІІ Бекіту сұрақтары.
Венн диаграммасы.

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
Алдашбай ахун ауылы №111 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Тұңғышбаева Назгүл Орынбекқызы
Эвфемизм мен дисфемизм жүктеу


Скачать


zharar.kz