Тақырып: Ауа температурасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ауа температурасының өзгеруі және оның себептері туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Ауа температурасының жер бетінен жылыну ерекшеліктері мен тәуліктік, айлық, жылдық өзгерісі туралы білім дағдыыларын қалыптастыру. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, шапшаңдылығын дамыту.
Тәрбиелілігі: Экологиялық тәрбие беру, ұқыптылыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу, өздігінен іздене білуге үйрету.
Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: интерактивті тақта, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, суреттер.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер: карта, оқулық, суреттерді қолданып түсіндіру әдістерін пайдалану, баяндау, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: математика, физика
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру сәті: (сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын,дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:
Географиялық диктант
1. Ауаның жер бетіне және ондағы барлық заттарға түсірген салмағы _________ деп аталады.
2. Бүкіл ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне _________салмақ түсіреді.
3. Жер бетіне байланысты ауа қысымының өзгеруі _____________
4. Ауа жылынғанда көлемін ұлғайтатындықтан, жоғары көтеріліп, сирейді. Соған сәйкес ________. Керісінше ауа салқындағанда тығыздала түседі де, __________.
Ойлан, Тап! Ойыны. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар жасырылған. Жәшіктерді тандап сұрақтарға жауап алынады.
Ауа құрамы: 1. Ең төмен атмосфералық қысым қай нүктеде?
2. Ауа құрамы: 1,2,3,4
3. Ауа қабатының Жер үшін маңызы қандай?
4. Бөлмедегі газ плита жанып тұрса, ауаның құрамы қалай өзгереді?