Қай жеңімпаз таңдаулы

Скачать

Қарапайым сұрақтарға қарапайым жауаптар

Мазалап жүрген сұрақтарыңызға төменнен жауап табылып қалуы мүмкін. Назарларыңызға ұсынылады.

Қай жеңімпаз таңдаулы? - Шындықпен жеңген.
Қай жеңімпаз таңдаулы емес? - Күшпен жеңген.
Қай адам ең әлсіз? - Өзгелерді жеңген.
Қай адам ең мықты? - Өз - өзін жеңген.
Қай күрес қауіпті? - Әсіре жанкүйерлік.

Қай ұстаз ең жақсы? - Азап.
Қай ұстаз ең нашар? - Рахат.
Қайтіп мейірімді болу? - Жақыныңның қайғысымен бөлісу.
Қайтіп қарапайым болу? - Жақыныңмен даңқыңды бөлісу.
Қайтіп бой ұсынғыш болу? - Жақыныңның дәрменсіздігін бөлісу.
Қайтіп әділ болу? - Қарыздарыңды ұмытпау.
Қай ептілік ең сирек? - Беру ептілігі.
Қай ептілік ең жақсы? - Кешіре алу ептілігі.
Қай ептілік ең қиын? - Үнсіздік ептілігі.
Қай ептілік ең маңызды? - Сұрау ептілігі.
Қай ептілік ең қажетті? - Тыңдау ептілігі.
Қай әдет ең жағымсыз? - Дауласу.
Қай әдет ең зиянды? - Мылжыңдық.

Қай адам ең мықты? - Ақиқатты растай алған.
Қай адам ең әлсіз? - Өз күшіне сенген.
Қай адам ең ақылды? - Жүректің әміріне құлақ түрген.
Қай іңкәрлік ең қауіпті? - Өз денеңе құштарлық.
Қай адам ең кедей? - Ақшаны барлығынан артық жақсы көретін.
Қайғыға немен қарсы тұрасың? - Көнумен.
Азапқа немен қарсы тұрасың? - Төзіммен.
Сау жанның белгісі? - Сенім.

Науқас жанның белгісі? - Үмітсіздік.
Бұрыс істің белгісі қандай? - Тітіркену.
Қайырымды істердің белгісі қандай? - Жанның тыныштығы.
Қай адам тірі өлік? - Енжар адам.
Қай адам ешқашан өлмейді? - Жақындарың және Тәңірді сүйетін.


Скачать


zharar.kz