Сабақтың тақырыбы: Фонограф бағдарламасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың компьютерлік техниканы пайдалану білімін кеңейту.Фонограф бағдарламасында жұмыс орындай білуге үйрету. Фонограф бағдарламасында дыбыс жаза және ойната алу
Дамытушылық: Дыбыстық файлды Word Pad мәтіндік редакторына қою әрекеттерін үйрену. Фонограф терезесінде жұмыс істей алу, микрофонды пайдалана білу.
Тәрбиелік: Отанды сүюге, салт – дәстүрімізді ұмытпауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Көрсете – түсіндіру, практикум элементі бар лекция,
сұрақ – жауап.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру
Көрнекілік: Фонограф бағдарламасымен жұмыс компьютер, микрофон,
Интерактивті тақта, қима қағаз, геометриялық кескіндер.
Пән аралық байланыс: Геометрия
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыр кезеңі.-1 мин
а)сәлемдесу. ә)сынып түгелдеу
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау – 5-6 мин
1. Лазерлік ойнатқыш бағдарламасы не ішін қажет?
2. Лазерлік ойнатқышты қалай іске қосуға болады?
3. Лазерлік ойнатқыш көмегімен қандай жұмыстар орындауға болады?
4. Лазерлік ойнатқыш терезелерінің элементтерін ата
5. Сыртқы жад құрылғыларының қайсысы музыка ойнату үшін қолданылады?
6. Бір уақытта музыка тыңдап, басқа қолданбалар мен жұмыс істеуге бола ма?
ІІІ.Жаңа сабақ:
Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
Тусіндіріу – 10 мин.
ФОНОГРАФ БАҒДАРЛАМАСЫ.
Фонограф – бұл дыбысты жазуға және ойнатуға арналған бағдарлама. Дыбыс енгізу микрофонмен орындалады. Дыбыстық файлдарды электрондық пошта, жергілікті желі немесе Internet желісі арқылы жіберуге болады.
Бұл Фонограф бағдарламасын іске қосу үшін мынадай тізбектерді орындаймыз.
Іске қосу: Пуск = Программы = Cтандартные = Мультимедиа = Фонограф
(Пуск – Программы – Cтандартные – Развличение – Звукозапись).
Осы тізбектерді орындағанда экранда дыбыс жазу терезесі пайда болады.
Терезенің төменгі жағында бірнеше басқару батырмалары орналасқан:
1. Бас жағына өту.
2. Соң жағына өту.
3. Ойнату.
4. Тоқтату.
5. Жазу.
Ақпарат WAV кеңейтілуі бар файлға жазылады.
Егер компьютерде микрофон қосылса, онда Фонограф бағдарламасының көмегімен өз дауыстарыңды жазуларыңа және сақтауға, одан соң бұл файлды Word Pad құжатына енгізуге болады. Дауыстарды жазу үшін, мынадай әрекеттерді орындау қажет:
1.Фонограф бағдарламасын іске қосыңдар. Ол үшін:
Пуск = Программы = Стандартные = Мультимедиа = Фонограф командасын орындаңдар, экранда Фонограф терезесі пайда болады.
2.Микрофонды қосып, Запись батырмасында шертеміз да сөйлейміз (жазудың максималды ұзақтығы 60 секунд)
3.Сөйлеп болғаннан кейін Стоп батырмасын шертеміз.
4.Жазылғанды тыңдау үшін Переход в начало(Басына апару) батырмасын шертеміз.
5.Воспроизведение(ойнату) батырмасын басамыз.
6.Файл = Сохранить командасын таңдап, файлға ат меншіктейміз.
Бұл файлдың Word Pad қолданбасына енгізу үшін:
1. Фонограф бағдарламасын іске қосамыз
2. Өзіміз құрған файлды ашамыз
3. Правка – Копировать командасын орындаймыз
4. Word Pad құжатын ашамыз
5. Word Pad қолданбасының терезесінде Правка – Вставить командасын орындаймыз.
IV. Тапсырма: Дыбыс файлын құру ретінде кестеде көрсет 1 мин
Тапсырма оқушылардың өтілген тақырыпты меңгеруін тексеру үшін қолданылады.
V. Практикалық бөлім: 20 мин
1. Тапсырма беру, техника қауіпсіздік ережелерін сұрау
2. Оқушыларды компьютерге орналастыру
3. Тапсырма: Фонограф бағ- н іске қосу, дауыстарын жазу және оны тыңдау, ойнату (Отан, Ана, Туған жер туралы нақыл сөздер айту)
4. Көзге, қолға жаттығу жасау – 1имн
VI. Қызығушылықты ояту кезеңі. ( орнында отырған оқушылармен жұмыс)
Оқушыларға қиманы түсіндіріп, таратып беру
Қима ішінде сұрақтар болады. Қима бөліктерін араластырамыз. Бөліктерден бүтін сұрақтар құрастырып, сұрақтарға жауап береміз.
Бұл қималарды біріктіргенде геометриялық кескін құралады, оларды атау керек.
Кескін сұрақтары:
Цилиндр кескінінде: Лазерлік ойнатқыш терезесінің элементтерін ата
Фонограф бағдарламасында дыбыс құру ұзақтығы қандай?
Трапеция кескіні: Лазерлік ойнатқыш көмегімен қандай жұмыстар
орындауға болады?
Фонограф терезесінің басқару элементтерін ата.
VII. Тесттік жұмыс. 2 - мин
VIIІ. Сабақ бекіту: 1-2 мин
• Фонограф бағдарламасын іске қосу
• Фонограф бағдарламасында құрылған дыбысты қалай естуге болады?
• Фонограф бағдарламасында дыбыс құру ұзақтығы.
• Файлда сақтау және файлды басқа қолданбаға кірістіру тізбектерін ата.
Үйге тапсырма: Фонограф бағдарламасы
Қорытынды: Орындаған жұмыстарын тексеріп, білімдерін бағалау
1- мин