Тақырыбы: Су - тіршілік көзі
Мақсаты: судың табиғат пен адам өмірінде алатын орнымен таныстыру. Тірі табиғат пен әлі табмғат арасындағы байланысты түсіндіру. Табиғаттағы суды қалай қорғау керек екеніне көз жеткізе отырып, ой - өрісін, дүние танымын кеңейту. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыра отырып, табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Тәжірибе жасау, көрсету, түсіндіру, ойын, сұрақ - жауап, шаттық шеңбер, жұмбақ шешу.
Шаттық шеңбері: Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті боламыз.
Армысың алтын күн!
Армысың Жер - Ана!
Тәрбиеші: - Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Жиып - теріп болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалар: - Күз мезгілі.
Тәрбиеші: - Иә, қазір күз мезгілі, күзде табиғат қандай болады?
Балалар: Күн салқындап, айнала сары түске еніп, егін, жеміс - жидек, көкөністер піседі. Табиғат ерекше күйде болады.
Тәрбиеші: - Табиғат дегеніміз не?
Балалар:- Табиғат дегеніміз бізді қоршаған орта.
Тәрбиеші: - Табиғат қандай болады?
Балалар: - Тірі табиғат және өлі табиғат.
Тәрбиеші: - Тірі табиғатқа және өлі табиғатқа нелер жатады?
Балалар: Тірі табиғатқа ағаштар, жәндіктер, жануарлар, гүлдер, ал өлі табиғатқа қар, жаңбыр, су, тас, күн жатады.
Тәрбиеші: - Балалар жақсылап ойланып тыңдаңдар.
1. Еш тесікте тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды.
2. Ойдым жерде жатады
Күн суытса қатады.
Аспанға да ұшады
Жерге де сіңіп батады