Тақырыбы: Құстардың туған жерге оралуы.
Мақсаты: Құстардың көктем мезгіліндегі тіршілік әрекеттері. Құстардың келуі. Ұя жасау, жұмыртқа салу, балапан шығарып өзгеруі. құс ұясын, балапандарын қорғау.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой - өрісін, сөздік қорын дамыту. табиғатты бақылап, қорытынды жасай білуге баулу.
Тәрбиелігі: Құстарды қорғай біліге, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Оқушылардың туған жереге деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімін жетілдіріп тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндірмелі, көрсетілімді әдіс, топтастыру.
Түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика, музыка.
Көрнекілігі: Суреттер, слайд, құстар, ұя, суреттер, көктем пейзажы, көктем үні жазылған диск.
Жүру барысы:
1. Психологиялық ахуал.
Аспанымыз ашық болсын,
Күніміз жарық болсын
Деніміз сау болсын,
Еліміз аман болсын.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
Малды көктемде күтіп бағу.
Білімді тексеру. Ойын
1. Малдың пірі, төлдерінің атауы?
2. Малды қалай шақырады?
3. Малдың қандай пайдасы бар?
4. Малға қатысты тыйым сөздер?
Өте жақсы балалар төрт - түлік мал туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер.
- Көктем айлары атайықшы?
- Наурыз, Сәуір, Мамыр.
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
- Қар ериді, күн жылына бастайды, құстар ұшып келеді.
3. Жаңа сабақ.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ″Құстардың туған жерге оралуы″.
- Балалар туған жер дегенді қалай түсінесіңдер.
- Балалар өз ойларын айтады.
- Сендер туған жерлеріңді, туған үйлеріңді алысқа кеткенде сағынасыңдар ма?
- Балалар өз ойларын айтады.
-″Туған жер - алтын бесік″,″Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас″деген мақал тегін айтылмаса керек.
- сол сияқты құстарда туған жерге сағынышпен оралады.(видео көрсету)
- Ең алдымен қараторғай келеді, содан соң қарлығаш, сарыалақаз, тырулап ұшқан тырналар, бозторғай келеді.
Құстар туралы (слайд көрсетіледі)
- Олар келісімен ұя салуға ыңғайлы орын іздейді.
- Ұя салып, ұрпақ өрбіту қамына кіріседі.
4. Өзім оқимын.
1) Түсіндіремін.
5. Суретпен жұмыс.
1) Құстардың ұя жасап, жұмыртқа салған кезі олар үшін өте қиын да қауіпті. Себебі жұмыртқаға жау көп. Көктем кезінде құстар балапандарын қоректендіру үшін ертеден кешке дейін жем тасумен болады.
6. Қосымша түсінік.
1) Әр түрлі құстарға қосымша түсініктер беру.
7. Топтастыру.
8. Сергіту сәті.
Қане қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып - ұшып алайық,
Орнымызды табайық,
Әдемі етіп жазайық.
90. Дәптермен жұмыс.
1. Құс аттарын жаз.
2. Туған жер туралы мақалды жаз.
10. Ойын″Бұл қай құстың ұясы?″
1. Құрқылтай.
2. Бүркіт.
3. Қарлығыш.
11. Есіңе сақта!
Құс ұясын бұзба, жұмыртқасын алма. Балапандарды мысықтан және тентек балалардан қорға!
12. Қорытынды.
1. Көктемде құстар қай жақтан оралады?
2. Ол жаққа қашан, неліктен кеткен еді?
3. Жыл құстарын және отырықшы құстарды тап?
13. Үйге тапсырма
Көктемде құстың ұя салғанын бақыла.
Мәтінді түсініп оқы.
Туған жер туралы мақалдарды жинақтау.
14. Бағалау.