Балаларды қазақ халқының музыкалық аспаптарымен топқа бөлу

Скачать

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Сам орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі
Абишова Сайрагул Толепбергеновна

Сабақтың тақырыбы: Бауырлас халықтар музыкасы. Грузин, қырғыз және өзбек халықтарының музыкасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Қазақстандағы бауырлас халықтарының музыкасымен таныстыру.
Тәрбиелік: Ең әуелі әртүрлі халықтардың музыкасын тыңдатып, олардың қазақ музыкасымен ұқсастығы және айырмашылығы неде екенін қалыптастыру.
Дамытушылық: Бауырлас халықтардың соның ішінде грузин, қырғыз, өзбек ән - билерінің бір – бірінен ерекшелігін ажырата білуге баулу. Музыкалық сауаттылық – грузин, қырғыз, өзбек халықтарының музыкасымен, үш ішекті пандури, төрт ішекті чонгури, қомуз, гиджак, дутор, сурнай, рубаб, дойра, чанг аспаптарымен таныстыру.
Сабақтың типі: жаңа білімді хабарлау
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіре отырып баяндау
Сабақтың көрнекілігі: сызба нұсқа, суреттер, аспаптар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ болмақ. Себебі біздің сабағымызға мұғалімдер қонаққа келіп отыр. Бәріміз сабаққа белсене қатысайық.
Психологиялық дайындық:
Күндей жадырап,
Айдай аралап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза мөлдір көңілмен,
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз!
Балаларды қазақ халқының музыкалық аспаптарымен топқа бөлу.
1 – топ: Домбыра
2 – топ: Қобыз
3 – топ: Сыбызғы

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:
1. Кавказ халықтарының музыкасы жайлы әңгімелеу.
2. Г. Гусейнли Шөжелерім әнін жатқа әуенімен қайталау.

ІІІ. Өткен сабақты қорыту:
1 – топ: Әзірбайжан халқы әншілерін қалай атайды? (ашуг)
2 – топ: Армиянның халқы әншілерін қалай атайды? (гусан)
3 – топ: Әзірбайжан мен грузин халықтарының ұлттық аспаптары қалай аталады? (саз және зурна)

ІV. Тақырыптық байланыс кезеңі:
1 – топ: Сөзжұмбақты шешу:
1. Армян халқы өзінің әнші композиторларын қалай атайды? Гусан
2. Қазақтың ұлттық аспабы қалай аталады? Домбыра
3. Музыкалық шығарманың шарықтау шегі? Кульминация
4. Армиян халқының ұлттық аспабы қалай аталады? Зурна
5. Грек сөзінен салтанатты, мадақтау әні деп аударылған сөз? Гимн
6. Көп халықтарда бейбітшіліктің, тыныштық пен берекенің символы деп саналған құс? Көгершін

2 – топ: Ребусты шешу:
3 – топ: Әнді тыңдау:

V. Жаңа сабақ:
Грузин, қырғыз және өзбек халықтарының музыкасы
Грузин халқы. Грузин халқының музыкасы әзірбайжан мен армян халықтарының музыкасынан ерекшелеу. Ежелден бері грузин музыкасы көп дауысты болып қалыптасқан. Әдетте грузин әні үш дауысқа бөлініп айтылады. Негізгі әуенді ортаңғы дауыс, кейде жоғарғы дауыс орындайды. Әншілері әншілік өнерімен өзара жарысқа түсіп жатады. Грузин халық музыкасының тағы бір ерекшелігі: грузин әндері үнемі сүйемелдеумен айтылады. армянның ұлттық аспабы зурнаға қоса, үш ішекті пандури және төрт ішекті чонгури деп аталатын халық аспаптары бар. Грузин халқының Лезгинка биі көпшілікке жақсы таныс. Оның билеушілерді қыздыра ойналатын ырғағы тыңдаушыларды бейжай қалдырмайды

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz