ӘСЕТТІҢ БАТАСЫ
Ал, батамды берейін,
Арта берсін мерейің.
Қойға толып өрісің,
Алшы түссін кенейің.
Құлын - тайың шұрқырап,
Тассын бағың, мерейің!
Басыңа бұлт қонбасын,
Өмір гүлің солмасын!
Төбеңе күн үялап,
Тірлігіңді оңдасын!
Қиындыққа қайыспа,
Арың болсын жолдасың!
Ел бастасаң батыр боп,
Ер Жәнібек қолдасын!
Дұшпандарың жер шұқып,
Сағы сынып сорласын!
Судай тасып дәулетің,
Еш жамандық болмасын!
***
Алтынға балар тастарың,
Алтайың бағың - асқарың.
Соның күллі қызығын
Көре берсін жастарың!
Біріңе - бірің қорған бол,
Бүлінбесін бастарың.
Темір торға түссең де,
Дос - жаранды сатпағын!
Жұлдызың жансын төбеңде,
Бірақ асып - таспағын!
Қариялар ақылмен
Елді ілгері бастағын!
Тосқауылға торықпай,
Жолдан алып тастағын!
Көк желкесі үзіліп,
Жер жастансын қастарың!
Айың тусын жарқырап,
Нұрға толсын аспаның!