Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу

Скачать

Математика 5 сынып
Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу
Тақырыбы: Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу.
Мақсаты: Жай бөлшектерді бөлу амалын орындай білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже: Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөліп, есептер шығара алады.
Негізгі идеялар: Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу, аралас санды аралас санға бөлу, натурал санды бөлшекке бөлу немесе бөлшекті натурал санға бөлу

Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушылармен сәлемдесу
Оқушыларды (смайликтерге жай бөлшек, аралас сандарды жазу арқылы) 2 топқа бөлу.
Кері ой қозғау (үйге берілген есептің жауабын презентациямен көрсетіп оқушылардың есептерін тексерту)
Еске түсіру сұрақ - жауап
1. Жай бөлшектерді қалай көбейтеміз?
2. Натурал санды бөлшек санға қалай көбейтеміз?
3. Аралас сандарды қалай көбейтеміз?

АРАЛАС САНДЫ АРАЛАС САНҒА БӨЛУ
Аралас санды аралас санға бөлу үшін, оларды бұрыс бөлшек түрінде жазып алып, бөлшекті бөлшекке бөлу ережесін қолдану керек

Натурал санды бөлшекке бөлу және бөлшекті натурал санға бөлу
Бөлінгіш немесе бөлгіш натурал сан болған жағдайда натурал сан бөлімі 1 болатын бөлшек түрінде жазылып, бөлшекті бөлшекке бөлу ережесі қолданылады.


Скачать


zharar.kz