Сабақтың тақырыбы. Сабақ түрі

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Натрий және оның қосылыстары
Химия 8 сынып
Білімділік: Натрийдің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, оның қосылыстармен әрекеттесуі туралы түсініктеме беру;
Дамытушылық: Типтік металл натрийдің қасиеттерін реакция теңдеулерімен жаза білу, логикалық ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру;
Тәрбиелілік: Әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың білімін жетілдіру және белсенділігін, қызығушылығын ояту, еңбекті бағалай білуге, сүйіспеншілікке, оқушының шығармашылық, ойлау қабілетін дамыту, өз ойларын жеткізе білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, тапсырмалар балық аулау. графикалық диктант, тәжірибе.
Сабақтың көрнекілігі: периодтық жүйе, интерактивті тақты, балық пен құрық, кеспе қағаздар, натрий хлориді, су, химиялық стакан, оқулық.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Сабақты бекіту.
5. Үйге тапсырма
6. Бағалау

1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
- Балалардың назарын сабаққа аудару
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!

2. Үй тапсырмасын тексеру:
Қызығушылықты ояту.
Интерактивті тақтадан Д. И. Менделеевтің периодтық таблицасы көрсетіліп, үй тапсырмасы бойынша ауызша сұрақтары қойылады.
- Сілтілік металдар қай топта орналасқан?
- Сілтілік металдарды ата?
- Қандай топшада орналасқан?
- Сілтілік металл деп аталуы неліктен?

Тапсырмалар:
1. D CO2 (NH3) салыстырмалығын есепте.
Шешуі: D CO2 (NH3) D CO2=17: 44=0, 3
D CO2 (Na) салыстырмалығын есепте.
Шешуі: D CO2 (Na) D CO2=23: 44=0, 5

Ақтөбе облысы,
Шалқар ауданы, Есет ауылы
Сарыбұлақ негізгі мектебі
Химия және География пән мұғалімі
Сайынова Гүлім Әлімқызы



Скачать


zharar.kz