Қызылорда облысы, Сырдария ауданы.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Серікбаева Ақмарал Серікбайқызы
Сабақтың жоспары
Қазақ тілі 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Меймандос қала
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін сөздердің мағынасын сөйлесуге орынды қолдана білуге, көмекші сөздерді сөйлемде дұрыс пайдалануға үйрету.
Ә) тәрбиелік: туған жеріне деген сүйіспеншілігін, туған қаламызға деген патриоттық мақтаныш сезімін туғызу, бір - біріне көмек беруге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Б) дамытушылық: Ауызекі сөйлей білу дағдысын жетілдіру;
оқушылардың дүниетанымын кеңейту; ауызша ойлау мен сөйлеу қабілеттерін дамыту; сөз тіркестерін және сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, қатысым, түсіндірмелі әдістері
Көрнекілігі: суреттер, таратпалар, электронды оқулық,
буклеттер, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: орыс тілі және Қазақстан тарихы пәндері
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
1. Амандасу
2. Оқушыларды топқа бөлу
3. Тазалықты тексеру
4. Оқушыларды түгендеу
5. Назарларын сабаққа аудару
(Пойыздың даусы мен интерактивті тақтада жүрдек пойызы көрсетіледі. Оқушылар пойызбен келеді.)
- Сәлеметсіздер ме, құрметті жолаушылар!
- Сәлеметсіз бе!
- Әсем де көрікті, қонақжай да меймандос Алматы қаласына қош келдіңіздер!
- Рақмет!
- Құрметті жолаушылар, әсем Алматы қаласының көз жауын алар көрікті жерлері мен зәулім ғимараттарын тамашаламас бұрын топқа бөлініп алайық.
І топ Көктөбе
ІІ топ Қазақстан
ІІІ топ Сарыарқа
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
І топ – Менің қалам тақырыбына диалог құрап келу
ІІ топ – Қызылорда қаласы жайлы әңгіме құрап келу
ІІІ топ – Қызылорда қаласы жайлы сурет көрме
ІІІ. Негізгі бөлім.
1. Ой қозғау. Электронды оқулықтан көмекші есімдер жайлы мәлімет беріп, өткенді қайталау. Алматы қаласы жайлы мәлімет беру.
2. Автобус аялдамасы Сөздікпен жұмыс (үш тілде беру және қазақшаға аудару)
1. Облик города – look of city – қала келбеті
2. Гостеприимный – hospitable - меймандос
3. Раскрыть объятия – to expose cuddles – құшақ жаю
4. Чётко, ясно – clearly, clear - айқын
5. Высотный – big - зәулім
6. Путник – traveler - жолаушы
7. Встретить – to meet – қарсы алу
8. Особенно – especially – ерекше, өзгеше
1 - тапсырма. Сөз тіркестерін дұрыс құрап, орыс тіліне аударыңдар және сөйлем құраңдар. (Бірінші ғимарат. Дәптермен жұмыс)
1. Қала келбеті күннен – күнге көркейіп келеді. – Облик города хорошеет с каждым днем.
2. Алматы қаласы – меймандос қала. – Алматы – самый гостеприимный город.
3. Зәулім ғимараттар ерекше көзге түседі. – Высотные здании выгледят очень особенно.
4. Барша адамзат баласына қала әрқашан құшағын кеңге жаяды. –
Всем путникам город широко раскрывает объятия.
2 - тапсырма. Керекті көмекші есімдерді пайдалана отырып, сөйлемді толықтырып оқыңдар. (Екінші ғимарат. Ауызша тапсырма)
1. Алматы қаласының іргетасы 1854 жылы Кіші Алматы өзенінің бойында қаланған.
2. Республика сарайының қарсы алдында солтүстіктен оңтүстікке қарай сегіз километрге созылған Достық даңғылы жатыр.
3. Қаланың дәл ортасында Отырар қонақ үйі орналасқан.
4. М. Әуезов атындағы қазақ драма театрының қасында Неке сарайы бар.
5. Театрдың ішінде жазушы М. Әуезовке ескерткіш орнатылған.
6. Қаланың сыртында толған жеміс ағаштары бар.
3 - тапсырма. Мәтінде берілген сөйлемді сөз құрамына қарай талда.(Үшінші ғимарат. Тақтамен жұмыс)
Алматы – қонақжай, меймандос қала. Алыстан келген жолаушыларға құшағын жая қарсы алатын қонақ үйлер көп. Солардың ішінде Достық даңғылының бойындағы Қазақстан қонақ үйі ерекше көзге түседі. Ішінде мейрамхана, пошта, телеграф, жинақ кассасы жұмыс істейді. Бұл – Алматыдағы ең биік ғимараттардың бірі.
Сергіту сәті: Физминутка (Республикалық сарай)
4 - тапсырма. Рөлдік ойын Диалог құрау
ІҮ. Сабақты қорытындылау.
Ұшаққа сұрақтар жазып, қалаған адамына жіберу. Бүгінгі өткен тақырып бойынша және өткен тақырыптар бойынша да сұрақтар қойылады.
Ү. Сабақты бағалау.
Екі жұлдыз, бір арман. Кері байланыс (рефлексия)
Бүгінгі сабақта ұнаған екі нәрселерің мен келесі сабақта не білгің келетіндеріңді жазыңдар.
ҮІ. Үйге Тапсырма.
79 – бет, 7 – тапсырма.
Көп нүктенің орнына жақшаның ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударып жазу және сөз құрамына қарай талдау.