Жұмекен Нәжімеденов өлеңі
Бояуы бір ақша бұлт пен ақ қардың,
Көк аспан мен шалқар көлдің түсі бір.
Сен де өзіңше талай ойды ақтардың -
Мықты болсаң дәл осыны түсіндір.
Ақ көбелек айналады ақ гүлден,
Көк көбелек қызыл гүлге қонар ма?
Гүл шырынын татырмайды жат тілге -
Өзге түстен сақтанады олар да.
Туыстық бар көлеңке мен қойнауда,
Асқақ шың мен алтын шапақ сықылды.
Қоңыр бояу - жаралғандай ойлауға,
Күннің күлуге жаралғаны сықылды.
Ақ, қара, көк, қызыл, қоңыр - әр алуан,
Әрқайсысы өз мінезін баяндар.
Осыншама көп бояуды көре алған
Екі көзде бәрінен көп бояу бар.
Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, Опорный орта мектебі
3 сынып оқушысы Мейрамгалиқызы Гүлсезим
Сынып жетекшісі Шайпакова Алия