Қазақстан тарихы 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сақтардың мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сақ мәдениетінің мұраларымен таныса отырып, сақ мәдениетінің әлемдік мәдениеттен алатын орнын, қазақ мәдениетінің дамуындағы ықпалын ашып көрсету.
Дамытушылық: сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, өз ойларын айтуға, өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: адамгершілікке, өз халқын сүйіп, мәдени мұраларды құрметтеуге және эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан оқыту технологиясы, тірек сызбалар.
Сабақтың көрнекілігі: ҚР саяси картасы, ҚР Конституциясы, бейне көрініс, слайд.
Пән аралық байланыс: география, философия.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Жаңа сабақ жоспары:
1. Сақтардың мәдени мұралары.
2. Бесшатыр қорымы.
3. Есік қорымы. Алтын киімді адам
4. Аң стилі
ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру
1. Қызығушылығын ояту (электронды оқулықтан сақтардың орналасуы, ескерткіштері Алтын адам , аң стиліндегі бұйымдар т. б.)
2. Мағынаны тану (мәтінмен, дерекпен жұмыс)
І топ
Тапсырма:
1. Сақтардың ескерткіштері қай жерлерден табылды, ата?
2. Шірік – Рабат, Бәбіш – Молда тұрғындары қандай кәсіппен айналысты?
3. Цитадел ұғымы? (топ картамен жұмыс жасады)
ІІ. Топ
Тапсырма:
1. Бесшатыр қорымы қай жерден кездесті?
2. Патша қорғандары деп неге атадық?
3. Обаның құрылымы? (топ тірек – сызбалар арқылы обаның құрылысын көрсетті)
ІІІ. Топ
Тапсырма:
1. Есік қорғаны қай жерден кездесті, оба саны?
2. Есік обасын зерттеген ғалым кім?
3. Есік обасынан кездескен алтынның ұзын саны қаншаға жетті? (топқа сұрақ - жауап қойылды)
3. Суреттер сыр шертеді...
(3 - топқа үш түрлі сурет таратылды)
I - топ:
Көне кезеңі
II - топ
Гүлдену кезеңі
III - топ
Құлдырау кезеңі
(суретке қарап ойлануға оқушыларға уақыт берілді, не көріп тұрғанын өздерінше жеткізді. Мұғалім түйінін шығарды. көне кезеңі - жануар қаз қалпында бейнеленген, гүлдену кезеңі - жануарымыз қимыл қозғалыста болған, құлдырау кезеңі - жануардың басы бейнеленіп, денесі мен аяғы түсініксіз бейнеде жеткен.)
Мұғалім сөзі:
Аң стилі кезеңі: көне, гүлдену, құлдырау.
- Аң стилі ұғымы: аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу өнері.
- Б. з. б. VIII ғасырда пайда болды.
- Аң стилі Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты.
- Аң стилі өнерін қару – жараққа, әшекей бұйымдарға, киім – кешекке салған.
Атырау қаласы
№36 орта мектеп
Өткізген: Искакова С. Ә.
Сақтардың мәдениеті жүктеу