Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау әдістері

Скачать

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Әдебиеттік оқу 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Диқан баба Қазақстан мифтік әңгімелері кітабынан
Сабақтың мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқу. Көркем тілде сөйлеуге төселдіру. Блум таксономиясының жоғарғы деңгейі сұрақтары арқылы сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастру. Диалогтік оқыту (сұрақ - жауап) әдісін қолдана отырып, оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын дамыту.
Сабақтың міндеті: Диқан баба тақырыбы бойынша жаңа сөздермен танысу, сұрақ - жауап арқылы өз ойын, пікірін еркін жеткізе білуге үйрету, жеке, жұптық, топтық жұмыс барысында ынтымақтастыққа, өзінің оқуына деген жауапкершілік сезімдеріне тәрбиелеу.
Қолданылатын модульдер:
Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер.
Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау әдістері.
Оқытуда АКТ - ны пайдалану.
Сыни тұрғыдан ойлау.
Стратегиялық іс - әрекеттер: Ой тастау , Кластер әдісі (АКТ), жеке, жұптық, топтық жұмыс, Алтын балыққа арналған аквариум , (қорытындыға) - Инсерт тәсілі, Бесбармақ әдісі. 3 оқушыны зерттеу үшін Lesson Stadi әдісі.
Күтілетін нәтиже: Диалогтік оқыту барысында оқушылар бір - біріне ынтымақтастық әрекеті арқылы топта өзіне - өзі, өзгені бағалауға үйренеді. Оқушылар мұғалімнің жетелеуімен сабақтың тақырыбын анықтай алады. Топта жұмыс жасауға үйренеді, өз оқуларына деген жауапкершілік пайда болады.
Бағалау парағы.

Мұғалім іс - әркеті
Амандасу.
Оқушыларды тұрғызып, ұрандарын айтады.

Топпен жұмыс
1 топ Әдебиет
2 топ Ауыз әдебиеті
3 топ Жазба әдебиеті
(жемістер беріліп сол арқылы топқа бөлінеді)
Оқушыларға бүгінгі күнге сәттілік тілеп, Алтын ережені еске түсіреміз.
бүгінгі сабақтың ерекше екенін айтамын, сәттілік тілеймін.
- Өткен сабақта не өттік?
- Дұрыс.

Әрбір топқа тапсырма беріліп, барлық топ мүшелерінің қатысып отыруын ескертенмін.
Тақырыпты бекіту үшін СТО сұрақтарын қоямын
І топқа - Өлеңде айтылған баланың арманы ма, өтініші ме, серті ме?
ІІ - топқа - Өлеңде ақын бірнеше рет айтқан надандық деген не?
ІІІ - топқа – Талапты ерге нұр жауар дегенді қалай түсінесің?

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін сендерге жұмбақ беріледі.
Оқушыларға жұмбақты шешкен кезде ас атасы шығатынын айтамын.
Сонымен тақырыбымыз қандай екен?
- Дұрыс.
Сабағымыздың тақырыбы - Диқан баба .
Оқушыларға слайд көрсетемін, тақырып туралы мағлұмат беремін.


Скачать


zharar.kz