Сабақтың мақсаты: Балаларды барлық аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап құрметтей білуге тәрбиелеу
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің сөзі:
Ана - өмір, қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым,
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.
Жанасыл: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.
Сәнімай: Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
(балалар аналарына сыйлық береді)
Жанасыл: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Жәнібек: Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.
Назым: Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.
Нұралы: Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.
Құндыз: Мәпелейді, әлдилейді, бағады.
Құлыным деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!
Мәдина ән: Менің анам алтын
Ақжол: Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын, анашым.
Сегізінші Наурызбен!
Жанасыл: Бүгін - Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі,
Әдемі сөз -
Адамның,
Анаға айтар лебізі.
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншылмасын ешқашан.
Аналардың жүрегі.
Жанасыл: Ана деп жыр жырласақ, ана деп ән айтсақ, аналардың анасы ақ жаулықты әжелерімізді де құрметтейміз. Қазіргі айтылатын өлеңіміз де әжелер сіздер жайлы!
Балнұр: Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа.
Кәмпит алып келеді.
Серік: Үлкен болған кезімде,
Сыйлық әкеп әжеме.
Таң қалдырам бар елді,
Өте жақсы көремін,
Өйткені мен әжемді.
С. Мәдина: Айналайын әжем,
Мәпелеген жастан.
Менің қымбат данам,
Көңілі көк аспан.
Ән: Бала тілегі Қайрат Арайлым
Жанерке: Шығыс биі
Жансая: Мәпелейсің мен анам,
Қолыңдағы құсыңдай,
Құлпыра өсіп, дем алам.
Құшағыңда қысылмай.
Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей,
Ақ сүтіңді өтермін.
Аяулым: Ана десем, сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін.
Орнар еді бар әлемге тыныштық.
Қ. Мәдина: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын
Нұрсат: Мамам, мамам, ақ мамам.
Мен өзіңнің ақ балаң.
Мерекеңмен құттықтап.
Ән арнаймын мен саған.
Сәнімай Ән: Құттықтаймын ана туған күніңмен
Бекжан: Гүлдерді мен жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын,
Айтқан сөзін тыңдаймын.
Анашымды сыйлаймын.
Қуантай Арайлым: Ана десем шешек атым жанары,
Өмірімнің бастау алар жан әні.
Ана деген тіршілікте пана бар.
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Жанерке: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық, алтын бақ.
Хор: Ақ мамам
Ән Айгөлек
Мәди: Құтты болсын, ардақты ана
Асыл анам, мерекең
Құтты болсын кенді алған
Қуанышты берекең
Аружан: Өмірдің иесі сен ғазиз ана
Келтірген дүниеге нелер дана
Анасыз батырда жоқ, ақында жоқ
Өмірдің алтын кілті сонда ғана
Ән: Аяулы анашым. Аяулым, Жанасыл
Ұлдар биі: Жұмыр қылыш
Қайрат Арайлым:
Адамзат қуат алар ақ сүтінен
Мәпелеп әлдилеген пейілін кең
Аналық махаббаттың кәусар бұлақ
Сөнбейтін ақ жүрегін мәңгі шырақ
Нұрдәулет:
Алтын анам жасынан аялаған
Мен үшін игілікті аямаған
Сабақтан шаршап үйге келгенімде
Бал сөзі жаным деген сая маған
Максим:
Дүниенің жарық көзі анамыз
Дана болсақ анаменен данамыз
Тыңдаңыздар көңіл қойып, ағайын
Анаға арнап тағы бір ән саламыз
Хормен:
Сыйлар едім анама
Гүл шыққан жоқ далада
Қолдан жасап берейін
Риза болшы балаңа
(Аналарға дайындаған сыйлықтарын беру)
Хор: Біз өмірдің гүліміз