11 сынып
Сабақтың тақырыбы: XVI - XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары): Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы, тарихы жайлы білімдерін жаңғыртады, бекітеді.
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар:
- Қазақ хандығының хронологиялық шегін, хандарын, билеушілерінің ішкі - сыртқы саясаты туралы біледі;
- Қазақ хандығының қоныстанған жерлерін, қоғамдық құрылысын түсінеді.
Оқушылардың басым бөлігі:
- Қазақ хандығының ішкі - сыртқы жағдайы туралы жазба деректерді талдайды;
- Қазақ хандарына тән ерекшелікті сипаттайды.
Кейбір оқушылар:
- Қазақ хандығының тарихи маңызын өз сөзімен әңгімелейді;
- Қазақ хандығының құрылу себебін талдап, өз тұжырымын айтады.
- Қазақ хандығының тарихына, қоғамдық құрылысына баға береді.
Тілдік мақсат
Оқушылар:
- мәтіндегі негізгі бөліктерге көзқарасын білдіреді және пікірталасқа түседі.
- құрылымы шағын сұхбат, пікірталас, талқылауларда негізгі мәселелерді шешуге қатысады, өз көзқарасын білдіреді.
Негізгі сөздер мен тіркестер: Қазақ хандығы, Керей мен Жәнібек, Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Есім хан, Тәуке хан
Сыныптағы диалог, жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Егер Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілхайыр хандығынан бөлініп шықпағанда Қазақ хандығы құрылар ма еді?
Талқылауға арналған тармақтар:
Қазақ хандығының құрылуының алғышарттарын ата.
Қазақ хандарының ішкі - сыртқы саясатына сипаттама беріңдер.
Қазақ хандығының мемлекеттік - әкімшілік құрылымын талда.
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Кесте, тарихи диктант, сәйкестендіру
Алдыңғы тақырып: Қазақ хандығы, қазақ хандары
Басталуы 1 мин
Сәлемдесу - ынтымақтастық атмосферасын орнату
Миға шабуыл
Менің вассалымның вассалы, менің вассалым емес дегенді қалай түсінесіңдер?
- Вассал деген не? (бағынушы)
Ортасы
- Бұл сөз кімге тиесілі? (басқарушы)
- Сөйлемдегі кейіпкерлер қай қоғамда өмір сүрді? (феодалдық қоғам)
- Бұл сөйлем неге қатысты айтылған? (жерге)
Оқудағы драма жоғарыда аталған тұырымды сахналау.
1 - оқушы: Тұжырымның иесі - мемлекет басшысы. (қолына бір А2 плакат беріледі.
2 - оқушы: Қорғаныс
Мемлекет, патша, жер, иерархия – жаңа ұғыммен жұмыс,
билік пайда болды
- Қазақстанда осындай құрылым біз қарастырып отырған кезеңде (XV - XVII ғғ) болды ма?
- Әрине, болды.
- Ерекшелігі неде?
- Мал шаруашылығы.
Сабаққа кіріспе.
Қазақ хандығы қалай пайда болды?
Жаңа сабақ.
1. Түйіндеме XVI - XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы - хронологиялық жұмыс
XVI - XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы
Кеңейтілген тапсырма:
1. Сәйкестендіру. Баланың ойлау деңгейіне сәйкестендірілген саралау
2. Толықтырыңыз Тарихи диктант . Сөздері, жылдары түсіп қалған мәтін
3. Еркін жазу стратегиясы. Егер Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілхайыр хандығынан бөлініп шықпағанда Қазақ хандығы құрылар ма еді?
Бағалау: Шолиер табақшасы
Бағалау парағы
Қорытынды бағалау критерийі
11 - 12 балл өте жақсы
8 - 10 балл жақсы
6 - 7 балл қанағаттанарлық
Үйге тапсырма:
Дәптермен жұмыс - мәтіндегі жаңа сөздерді жазып келу.
Тест тапсырмалары бойынша жұмыс жасау.
XVI - XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы. жүктеу