Кіші Нарын ауылында Анатолий Матасов деген шаруа қожалығының иесімен таныстық. Істің ретін білетін азамат биыл 3 мың гектарға егін егіпті. Күнбағысы мен жүгерісі, қарабидайы мен қарақұмығы бітік өсіпті. Қожалықта қазір 180 адам жұмыс істейді. Матасовтың жұбайы Надежда Федоровна дүкен ашып алған, жерлестеріне қызмет көрсетуде.
Қарабидай оруды кішінарындықтар 10 шілдеде бастапты. Бидайдың шығымы жақсы, гектарынан 25-30 центнерден айналуда. Ауылдық округтың әкімі Бердібек Ережепов Солонов пен Кіші Нарын ауылдарында 2400 адам тұратынын, 98 қожалықтың бар екенін тілге тиек етті. Ішіндегі ең мықтысы А.Матасовтың “Жас қанаты”.
3 мың гектар егістікті А.Матасов өзінің “Субару” тұлпарымен бір-екі сағатта аралатып көрсетті. Тап-таза егістіктегі даңғыл жол сайрап жатыр, қожалық иесі жалғыз қолмен “Субаруын” 120 шақырым жылдамдықпен зырлатып келеді. Міне, “Заря” деген күнбағыс алаңына келдік. Биіктігі үш метрге жақындайды. Ал жанындағы бидайдың шығымы да жаман емес, биіктігі бір метрге таяу.
– Көктем жауынды-шашынды болып еді, бір айдай бір тамшы жаңбыр жаумай біраз егістік күйіп кетті. Бірақ диқан еңбегі биыл жемісін бере ме деген ойдамыз. Жұмысшылар жалақысын тұрақты алады, комбайншыларға дала қосына тамақ жеткізіп береміз, – дейді А.Матасов.
Мұнда техника паркін жаңартуға көңіл бөлінеді екен.
10 жаңа комбайн, осыншама трактор, басқа да техника алыныпты. Ірі қара, қой-жылқысы да баршылық, бұл салада 60 адам еңбек етеді екен.
Жақында ғана А.Матасовқа аудан әкімі мен мәслихат депутаттарының шешімімен “ауданның құрметті азаматы” атағы беріліпті. Ал Анатолий Петрович бұл құрметке лайық жан