Тіл білімі салаларын түгел зерделеу

Скачать

Тақырыбы: Сөз дәлдігі Сөздегі логикалық дәлдік және сөз
Синтаксис
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Сөз дәлдігі, Сөздегі логикалық дәлдік тақырыбын ашып түсіндіру, алған білімдерін нығайту, кеңейту. Синтаксис жөнінде білгендірін
нақтылап, бекіту.
Тәрбиелік: Мәтіндер арқылы табиғатты аялау, қорғау сезімдеріне баулу. Бауырмалшылдыққа ержүректікке, намысқойлыққа, еркіндікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Мәтіндер мен тапсырмаларға орай түсіндіру,, табиғатты аялау, қорғау, өзбетінше ережелер шығару, ойлау, іздену, есте сақтау, өз бетінше
шығармашыл жұмыс істеу қабілеттерін дамыту. Мәдениетті сөйлеуге төселдіру.
Негізгі әдістер: ой қозғау, пробл. жағ, сұрақ - жауап, ой – толғау, талдау, іздендіру, топтастыру, шығ. ж.
Көрнекіліктер: Синтаксис , Фонетика , Морфология , Лексика блокты кестесі, тестіктер.
Сабақ түрі: білімді меңгерту сабақ типі: сайыс сабақ ізденіс сабақ формасы: топ, жеке, жұп
Пәнаралық байланыс: сурет, математика, тарих, әдеп, әдебиет
Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсіңдер ме! – Иә, балалар, бәріміз түгелміз бе?
- Сабаққа дайынбыз ба? – Сабаққа ойымызды жинақтайық! – Абайдың мына өлеңін тыңдайық!
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,...
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп – тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол – ақынның білімсіз бейшарасы.
Өлеңге әркімнің – ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы
Іші – алтын, сырты – күміс сөз жақсысы,
Қазақтың келістірер қай баласы?!

ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Тіл білімі салаларын түгел зерделеу.
ІІІ Жаңа сабақ: Сөз дәлдігі
Сөздегі логикалық дәлдік және сөз
Синтаксис
І а. Қызығушылықты ояту: Миға шабуыл
Сабақ эпиграфы: Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Егер қазақ тілін білсең, дін де осында, ғылым – білім де осында, әулиелік те осында (Мәшһүр Жүсіп)
- Сөз сапасы деген не? Сөз дұрыстығы дегеніміз – сөзді грамматикалық тұлғаларды, сөз тіркестері мен сөйлемді тілдегі мағынасына, айтатын ойына сай қолдану.
Ахмет Б. сөз ұнамды, өңді болуы үшін талғаудың басты шарты: Сөз дұрыстығы, тіл тазалығы, тіл (лұғат) анықтығы, тіл дәлдігі мен тіл көрнектілігі деп көрсеткен.
Адамдармен қарым – қатынас мәдениетіндегі СӨЗ БАЙЛЫҒЫ, СӨЗ ДҰРЫСТЫҒЫ, СӨЗ ТАЗАЛЫҒЫ, СӨЗ ӘДЕБІ деген қажеттіліктер – өрге басар мүмкіндік баспалдақтары.
Сөз байлығы – сөз сұлулығы. Қазақ тіліндегі сөздің санын дәл айту қиын. Сөздіктердегі сөз саны толық қамтылған деп кесіп айтуға тіптен болмайды. Қазақ тілі – түпсіз терең мұхит.
ІІ ә. Сөз дәлдігі – сапаға қойылар талаптың бірі – сөзді тілдегі мағынасына қарай лайық қолдану. Яғни сөздің қолдану шырқын бұзбау. м ы: Жігіт жусан иісіне еліктеп, мас болғанын сезеді.
Еліктеп емес – елітіп болу керек


Скачать


zharar.kz