Әнұранның авторы кім

Скачать

Ойнайық та ойлайық сайыс сабақ
Мақсаты: Оқушылардың дүниетанымын кеңейте отырып, ұлы тұлғалар үлгісіне қарай еліміздің патриот, елжанды азаматы болуға және елін, жерін, тарихын қастерлей білуге үйрету.
Тапқырлық және ізденушілік қасиеттерін дамыту
Табиғатқа деген сүйіспеншілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Қатысушы топтар:
Достық тобы
Бірлік тобы
Ынтымақ тобы

Сайыс басқыштары:
1. Топтардың таныстыруы ( әр топ өз шығармашылықтарымен өздерін таныстырады)
2. Қас қағым сәт ( қойылған сұрақтарға жылдам жауап береді)
3. Тұлғаны тани біл ( көрсетілген тұлғалар туралы өз білгендерін айтады)
4. Сандар сыры ( берілген сандардың еліміздің мерекелік атаулы күндерімен сәйкестігін айтады)
5. Кім шапшаң? ( берілген сөздер ішіндегі әріптерді пайдаланып сөздер құрастырады)
6. Табиғат және мен ( әр топ бір бөлімді таңдап, сұрақтарға жауап береді)
7. Мен тұратын әлем қандай? ( әр топ өздері таңдаған тақырыпта жобаларын қорғайды)
Әділқазылар алқасын сайлап алу
Сайыс барысы:
1. Таныстыру

2. Қас қағым сәт
1. Рәміздер қашан қабылданды?
2. Р. Қошқарбаев кім?
3. Елбасының туған жері, жылы
4. Әнұранның авторы кім?
6. Қазақ елі қай жерде орналасқан?
7. Бас қала қай жылы Алматыдан Астанаға көшірілді?
8. Ата заңымыз қашан қабылданды?
9. Т. Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты?
10. Сочи - 2014 туралы айтып бер

3. Тұлғаны тани біл ( көрсетілген тұлғалар туралы өз білгендерін айтады)
Шәмші Қалдаяқов, Мұхтар Әуезов, Серік Сәпиев, Роза Рымбаева, Бауыржан Момышұлы, Тоқтар Әубәкіров, Шәкен Ниязбеков, Абылай хан, Әйтеке би, Әлия Молдағұлова, Илья Ильин т. б.

4. Сандар сыры
11, 16, 1, 22, 12, 15, 9, 30

5. Кім шапшаң? ( берілген сөздер ішіндегі әріптерді пайдаланып сөздер құрастырады)
Достық тобы - Қарлығаш
Бірлік тобы – Өрмекші
Ынтымақ тобы - Құмырсқа

6. Табиғат және мен
Өсімдіктер
1. Мал жемейтін улы шөп...
2. Суыққа төзімді өсімдік...
3. Тасқа шығатын шөп...
4. Балды көп беретін өсімдік...
5. Қант қай өсімдіктен алынады...
Жануарлар
1. Құрлықтағы ең ірі жануар...
2. Шөл керуені...
3. Шөлдесе суға, сағынса еліне, жауына қарсы тұрып тойтарыс беруге қызмет ететін....
4. Оның баласын шұнжық дейді...
5. Ол суда да, құрлықта да тіршілік етеді...
Адамдар
1. Қазақ елінде қанша халық жасайды?
2. Тұңғыш ғарышкер...
3. 3 рет ғарышқа сапар шеккен ғарышкер...
4. Табиғат перзенті...
5. Адамның шығу тегі және табиғи сұрыпталу еңбегінің авторы...

7. Мен тұратын әлем қандай ? (жоба қорғау)
Достық тобы - Болашақтағы менің мектебім
Бірлік тобы – Болашақтағы менің қалам
Ынтымақ тобы - Болашақтағы менің елім
Қорытынды. Әділқазылар алқасы өз қорытындыларын хабарлап марапаттайды.


Скачать


zharar.kz