Штрих деген қанай сызық

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Акварель, гуашь бояуларымен сурет салу әрекеттері 4 - сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушының сыни тұрғыдан ойлау арқылы логикалық ойлауларын жетілдіруге, бейнелеу өнерінде бояуларды қолдану тәсілдерін, эстетикалық талғамдарын дамытуға, нақты түсінік беруге, тазалық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Өзара білім алмаса алатын тиянақты шешім қабылдай білуді меңгерту.
Сабақ нәтижесі: Оқушылар гуашь, акварель бояуларымен жұмыс істеуді жалғастыра отырып, дамытады. Натюрморт салып үйренеді. Топта жұмыс жасауға дағдыланатын болады.
Құрал - жабдықтар: магниттік тақта, плакат, маркер.
Көрнекіліктер: суреттер, слайдтар
Әдісі: топпен жұмыс, топтастыру, сын тұрғысынан ойлау сұрақтарын қолдану, АКТ, формативті бағалау.

Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу
Шаттық шеңбері
Жылы шырай тілек білдіреді.
Кереге көз, доға сызықтар салынған сиктерлерді балалар таңдап алады Осы арқылы топқа бөлемін.
Топ ережесін айту.

Үй тапсырмасын сұрау
Инсерт әдісі арқылы бейнелеу өнерінің түрлерін еске түсіреді( дайын схема таратылады).

Тұсаукесер
Слайд арқылы суреттегі ПЕЙЗАЖДА ҚАЙ ЖЫЛ МЕЗГІЛІ ЕКЕНІН АЖЫРАТУДЫ сұраймын.
Жаңа сабақ
Олай болса балалар бүгінгі сабағымыз: Сызықтық және реңдік бейнелеу түрлерімен танысамыз.
Топтарға сұрақ беремін.
1 - топтқа - Сызық түрлерін атаңдар?
2 - топқа – Сызық түрлерін қағаз бетіне сызып көрсетіңдер? (жоғары деңгейлі оқушыларға)
Бәріне жалпы сұрақ: Заттың құрылымы, пішіні дегенді қалай түсінесіңдер?
Ой қозғауға тапсырма: түрлі түсті қағаздардан қиылған геометриялық фигуралардан зат құрастыру. А4 қағазына жабыстырады.
Бәріне жалпы сұрақ: Штрих деген қанай сызық?
Тапсырма: Топтарға төртбұрыш, дөңгелек қималары таратылып, ішін штрихтау тапсырылады.

Мағынаны түсіну
Кеңістік бейне туралы суреттер көрсетіліп, тура және бұрыштық кеңістік бейне түсінік беріледі. Жаңа сөздер: тура, бұрыштық, ауалық кеңістік бейне, көз деңгейі, көкжиек сызығы, горизонт сызығы, тақтаға ілінеді.
Тапсырма: Топтарға біреуіне – жазық далада көрінетін шекті сызық, екіншісіне - теңізде көрінетін шекті сызықты бейнелеп, сюжет құрастыру.

ШҚО, Ұлан ауданы, Қанай орта мектебі.
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі – Рагизбаева Ш. Т.

Акварель, гуашь бояуларымен сурет салу әрекеттері. жүктеу


Скачать


zharar.kz