Қызанақ
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Білім беру салалары: Шығармашылық
Бөлімдері: Сурет салу
Тақырыбы: Қызанақ
Мақсаты:
1. Білімділік: Үлгіге сүйене отырып, дайын пішіндерден бейнелерді сала білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Сурет салу арқылы саусақ моторикаларын дамыту: Бейнелеу техникасы дағдылары мен біліктерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: қызанақтың суреті, муляжы.
Қажетті құралдар: Түрлі - түсті қарындаштар, ақ қағаз, магнитті тақта.
Сөздік жұмыс: көкөніс, қызанақ
Билингвальді компонент: қызанақ - помидор.
Мотивациялық – қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Біз қандаймыз - қандаймыз.
Арайлап атқан таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз.
Еш уайымды білмейміз.
Ғажайып сәт.
Есік тарсылы естіледі.
Топқа қуыршақ келіп, балалармен амандасып, оларға көкөністердің суреттерін алып келеді.
Д. О Бұл қай көкөніс?
Қуыршақ балаларға қызанақтың суретін салуды ұсынады.
Ұйымдастыру - іздестіру
- Қарындаштарымызды оң қолымызға ұстап, салынған суреттің ішін тегістеп бояймыз. Қарындаштарды бір - бірлеріңе сілтемеу керек, қатты баспау керек. Жұмыс соңында қолдарыңды сүлгімен сүртуді ұмытпау керек.
- Қызанақтың пішіні қандай?
- Түсі қандай?
- Сендер қызанақ жеп көрдіңдер ме?
- Дәмі қандай екен?
- Олай болса қызанақтың суретін салайық, әдемілеп бояйық.
Балаларға қарындаштар мен ақ парақ таратылып беріледі.
Балаларды салған суреттерін бір - біріне көрсетіп мадақтап, тамашалау. Келесі жолы бұдан да жақсы салатынына сендіру.
Сергіту сәті:
Мынау - менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау - басым ақылды.
Бәрін осы басқарған.
Мынау - менің оң қолым,
Мынау - менің сол қолым.
Барлық істі атқарған.
Қызанақ. жүктеу