Денсаулық - басты байлық
Мақсаты: Балаларды дене шынықтырумен айналысуға үйрету. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Дене бітімдерінің дұрыс жетілуіне денсаулықтарының мықты болуына, жеке бас гигиенасын сақтай білуге және де жақсы-жаман әдеттерді ажырата білуге тәрбиелеу. Балаларды шапшаңдыққа, икемділікке, ұжымдық жұмыс жасауға, ауызбіршілікке баулу.
Қажетті құрал-жабдықтар: 2 велосипед, 20 кегли, 2 доп, 2 доп салғыш 4 үлкен секіртпе доптар, шарлар.
Керекті құралдар: магнитофон.
1. Мотивациялық қозғаушы күш:
Шаттық шеңбері.
Балалар жәй әуенмен спорт алаңына шеңбер бойлап жүру.
Балалар: Шеңбер бойлап тұрып
Біз бақытты баламыз.
Шыныға да аламыз,
Сәулетті елдің көгінде.
Шам-шырақ боп жанамыз.
Жүргізуші: - Адамдардың көңілді, әдемі боп жүруі неге байланысты?
Балалар: - Денсаулыққа.
Жүргізуші: - Дені сау адам - бақытты адам.
- олар өз денсаулығын күтеді, қысы-жазы шынығады. Таңертең жаттығу жасайды.
- Ал, сендер қандай балаларсыңдар?
Ақылды біз баламыз
Айтқан тілді аламыз.
Жаттығу жасап шынығып,
Өсіп үлкен боламыз.
Жүргізуші: Жалқаулықты тастаймыз!
Шынығамыз жастай біз!
Босқа тұрмай қанекей.
Жаттығуды бастаймыз!
- Ал балалар қолдарыңа лента алып сап құрып, шеңбер бойымен жүреді, аяқ ұшымен, өкшемен, жеңіл жүгіру, жалпы жетілдіруші жаттығулары, тыныс алу жаттығуларын орындайды.