Өзін - өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Мен жақсы баламын
Мақсаты: Жақсылық ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:
• жақсылық ұғымы туралы түсініктерін кеңейту;
• бойларындағы жақсы қасиеттерін дамыту;
• жақсы, әдепті, ақылды болуға тәрбиелеу.
Алдын ала жұмыс
Ата - аналардан қыз балалары туралы жағымды сөздер, бойларындағы ерекшеліктері туралы тілектерін аудио немесе бейне жазбаларға жазып алып келу керек.
Іс - әрекет бөлімдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалармен бірге төмендегі өлең жолдарын айтып сабақты бастаймыз.
Өзім жақсы баламын,
Апа тілін аламын,
Су әкеле ғой десе,
Су әкеле саламын.
Өзім жақсы баламын,
Апа тілін аламын,
Ойната ғой бөбекті -
Десе, ойната саламын.
Өзім жақсы баламын
Апа тілін аламын,
Кетсе кешке киноға
Үйде жалғыз қаламын,
Өзім жақсы баламын,
Апа тілін аламын,
Мейлі қайда жұмсасын,
Бәріне де барамын.
Әңгімелесу
• Өзін - өзі тану әлемінде нені үйренуге болады?
• Жақсы бала деп кімді айтады?
Жақсылық пен жамандық ертегісін оқып беру.
Өзіммен - өзім
Ал қане, енді сендер туралы ата - аналардың өз балары туралы үнтаспаға жазып немесе бейнетаспаға түсіріп келген әңгімелерін тыңдатады немесе көрсетеді.
Ойын Жақсы бала қандай?
Балалар шеңберге тұрып, төмендегідей сөздерді жылдам айтып, бір - бірінің алақанын ұрады.
Дәптермен жұмыс
Дәптерге берілген мазмұнды суреттер арқылы әңгіме құрастыру.
Дәйексөз
Жақсы бала жағадағы құндыз, аспандағы жұлдыз деген нақыл сөзін бүгін сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру.
Қорытындылау
- Балалар, міне бүгін Өзін - өзі тану әлеміне саяхатымызда біз отбасы, достар, туған жеріміз, табиғат туралы әңгімелестік. Сыйластық, сүйіспеншілік, достық, татулық, қамқорлық, құрмет деген ұғымдармен таныстық.
Өзін - өзі тану әлемі біздің отбасымызды, достарымызды, табиғатымызды аялауға үйретеді.
Біз саяхатымызда әлі де көптеген жақсы істер жасауға, тәрбиелі, ақылды, жақсы бала болуға үйренеміз.
Жүректен жүрекке
- Балалар, қол ұстасып шеңберге тұрайық. Бір - бірімізге көтеріңкі көңіл күй тілеп, төмендегі өлең жолдарын айтайық.