Алыстау жылдамдығы

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Бірінен - бірі қарама - қарсы бағыттағы қозғалыс. Алыстау жылдамдығы
Математика 4 сынып
Сілтеме: Әдістемелік құрал, оқулық.
Жалпы мақсаты: Бірінен - бірі қарама - қарсы бағыттағы қозғалыс кезіндегі алыстау жылдамдығын табуды үйрету
Оқыту нәтижесі: Бірінен - бірі қарама - қарсы бағыттағы қозғалыс кезіндегі алыстау жылдамдығын табуды үйренеді
Есепті өздігінен талдап, түсініп шығаруға дағдыланады.
Ойлау қабілеті артады.
Негізгі идеялары: Топпен және жұппен жұмыс жасату арқылы оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

І. Ұйымдастыру
Мақсатымыз – білім алу,
Міндетіміз – еңбектену.
Еңбек етіп жұмыла,
5 - ке қолды жеткізу.

Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, тренинг өткіземін.
Көңіл көтеру, назарларын аудару.
Оқушыларды топқа бөлу.
Күзгі бақ жемістері арқылы бағалау.
Үй тапсырмасын тексеру
Музыканы тыңдай отырып, берілген слайд бойынша тақырыптың мағынасын тану
Әңгімені баяндау
Балалар, қазір қай мезгіл?
Олай болса Бағбаншы атайдың бағындағы жемістер пісіп жатыр екен. Көмекке барамыз ба?
Топ болып Бөліндінің мәнін табайық.

Маңғыстау облысы,
Қарақия ауданы, Құланды орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Ергешова Фарида Қалдыбайқызы

Бірінен - бірі қарама - қарсы бағыттағы қозғалыс. Алыстау жылдамдығы. жүктеу


Скачать


zharar.kz