Әдеби хат қандай хат

Скачать

Қазақ тілі 10 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Мекеме ұйымдарына қатысты іс - қағаздар
Сабақтың мақсаты: Іс - қағаздардың түрлері мен тілдік құрылымдық ерекшеліктерін меңгерту, өзіне тән стильдік, лексикалық ерекшеліктері, қолдану аясы, атқаратын қызметі жөнінде толық мәлімет беру.
Оқу нәтижелері: Кеңсе қағаздарын қазақ тілінде жүргізудің тарихын саралайды. Іс жүргізу терминдері мен ресми іс - қағаздары стилін меңгеру арқылы білікті маман болуға талпынып, кәсіпке бейімделеді.
Түйінді идеялар: Оқушылар сыйластыққа, бір - бірінің пікірін тыңдауға тәрбиеленеді
Әдіс - тәсілдер: СТО стратегиялары, диалогтік әдіс, жеке жұмыс, топтық жұмыс, жұптық жұмыс.
Сабақ бойынша жазбалар: сабақ барысы мұғалім мен оқушы немен айналысады?

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сынып оқушыларын түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сыныпты шағын топқа бөліп отырғызу. Ұшақ, кептер, поезд
Бағалау кретерийін түсіндіру. Өз бағасы, досының бағасы, мұғалім бағасы, қорытынды

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Хат туралы түсінік. Түрлеріне байланысты хат жазып келу.
Топтар бір - біріне ашық - жабық сұрақ қояды. Мысалы:
ашық жабық
Хат қандай мақсатта жазылады? Ұсыныс хат пен сұраныс хаттың арасында айырмашылық бар ма?
Әдеби хат қандай хат? Хаттың маңыздылығы бар ма?
Проблемалық сұрақ: - Қазір хаттың қандай түрлері көп қолданылады? АКТ, электронды почта, sms хат туралы оқушы пікірлері тыңдалады.
9. Өткен сабақты қорыту: Хаттың пайда болғанына 480 жыл болыпты. Эпистолярлық жанр
10. Актуалдау: - Хат қандай іс - қағазы?
- Іс – қағаздар стилінің түрлері нешеге бөлінеді?
Оқушылар қажетті сөздерді топтастырады: өмірбаян, хабарландыру, арыз, түсініктеме, бұйрық, анықтама, күнделік, жеделхат, мәжілісхат, т. б.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылықты ояту.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не?
12. Мағынаны таныту. Түсінік береді.
Терминдер Балама аударма Көп мағына
Виза - Мекен - жай - Бюллетень – сайлау парағы
Дубликат - Төлқұжат - Бюллетень – денсаулық парағы
Ксерокопия - Хаттама –
Түбіртек –
Сауалнама -
Сендер мемлекеттік мекемедегі іс - қағаздармен жұмыс жасап көрдіңдер ме?
Іс – қағаздарды толтыруда қандай қиындықтар туды?
Іс - қағаздарын қазақ тілінде жүргізу мәселесі алғаш рет 1923 жылы 22 қарашада қаралған еді. 1930 жылы Қазақстан автономиялы Кеңес республикасы құрамына қосылған соң да ана тілінде жүргізілді.
Іс - қағаздардың үлгілерін оқушыларға таратып беру арқылы хабарландыру, жарнама, анықтама, хаттама ережелерін шығару.
Оқушылардан күтілетін жауап
Мекеме ұйымдарына қатысты іс - қағаздар жүктеу


Скачать


zharar.kz