Призманың өлшемдері

Скачать

І. Сабақтың тақырыбы: Призма. Призманың өлшемдері. (презентациясымен)
ІІ. Сабақтың мақсаты: Призманың және призманың өлшемдері туралы алған білімдерін нақтылау. Шығармашылық сабақ арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. Сабақта алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана алуға, қажеттілігіне көз жеткізуге және теориялық білімін пайдаланып есеп шығара білуге дағдыландыру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
ІІІ. Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
ІV. Сабақтың типі: Шығармашылық, қорытындылау, бекіту сабағы.
V. Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру.

2. Үй тапсырмасын тексеру. Үйден шығарған есептерін қарап шығып, түсінбеген жерлеріне шолу жасау.
3. Жаңа сабаққа қажет материалдарды қайталау:
А). Көпжақтар. 8 - беттегі суреттерді пайдаланып, өткен тақырыпты қайталау.
Ә). Призмалар туралы түсінік. 12, 13, 14 - суреттер бойынша шолу.
Б). Призмалардың макетін көрсете отырып, призмалардың түрлері, жақтары (бүйір жақтары, табандары), биіктігі, қырлары туралы қайталау.
В). Призмалардың макетін көрсете отырып, жазбалары арқылы ауданын, көлемін табу жолдарын қарастыру. (25, 26 - суреттер).
Sпр. бб=Ph ------------ Sпр. т. б.=Sпрн. бб+2Sтаб.
Vпар=abc --------------- Vпар=abc=Sh ------------ Vпр=Sтаб. H

3. Жаңа сабаққа қажет материалдарды қайталау:
А). Көпжақтар.
Ә). Призмалар туралы түсінік.
В). Призмалардың макетін көрсете отырып, жазбалары арқылы ауданын, көлемін табу жолдарын қарастыру
Sпр. бб=Ph
Sпр. т. б.=Sпрн. бб+2Sтаб.
Vпар=abc
Vпар=abc=Sh
Vпр=Sтаб. H

4. Жаңа дәріс беру. Жаңадан салынғалы отырған үйдің биіктігі 3м, ені 6м, шатырының биіктігі 2м, табанының диагоналі 10м.
Призма туралы алған білімдеріңді пайдалана отырып, салғалы отырған тұрған үйге қанша м2 шифер, табанына қанша м2 тақтай және қанша көлемде тас керек екенін есепте.

VI. Сабақты қорытындылау.
VII. оқушы білімін бағалау.
VIII. Үйге тапсырма беру.



Скачать


zharar.kz