Допты екі аяқпен бірдей алып жүру тәсілін үйрету

Скачать

Сабақ: Дене шынықтыру
Сабақтың тақырыбы:
1) Футбол ойынының элементтерінен құрылған жаттығулар
2) Тосқауыл қою
3) Саптық жаттығулар
Сабақтың мақсат мен міндеттері:
1. Білімділік: Допты екі аяқпен бірдей алып жүру тәсілін үйрету
2. Дамытушылық: Аяқтың ішкі жолымен қозғалыстағы допты тебу тәсілі
3. Тәрбиелік: Дені сау, жаны таза салауатты өмір салтын сүйетін ұрпақ тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: көрсету, ойнату
Көрнекілігі: доп, ысқырғыш

№ Сабақтың мазмұны
1 Дайындық бөлімі
1. Сапқа тұрғызу
Амандасу
Мәлімет қабылдау
Сабақтың тақырыбын түсіндіру
2. Саптық жаттығулар:
Оңға, солға, кері бұрылыстар
3. Жүру.

2 Негізгі бөлім
Футболшылар допты аяқпен және баспен соғады. Допты табанның ішкі жағымен соғу барлық соғулардың ішіндегі нысанаға дәл тигізу үшін ең қолайлысы. Орнында тұрып соққанда денені доптың үстіне қарай еңкейіп тебетін сияқты артқа қарай сілтеу қажет. Мұндай соққыны екпін алып орындауға да болады.
Допты тепкенде негізгі күш доптың төменгі шетіне түсетін болса, ол жоғары қарай шыр айналып ұшады.
1. екі сапқа бөлініп әр оқушы алдына бір доп алып аяқпен алып жүру тәсілін үйрену
2. Қақпаға теуіп, қайта тигізу тәсілін үйрену
3. Әр оқушымен жеке жұмыс, үйрету, тәрбиелеу. Допты аяқпен алып жүру тәсілін үйрету, қарама - қарсы лақтыру, тебу


Скачать


zharar.kz