Қазақ тілі 2 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз б мен п. 87 - 91 - жаттығу
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға сөз соңында б дыбысы айтылғанымен п жазылатынын, п дыбысынан соң дауысты дыбыс келсе, ол ұяң б – ға айналатынын үйрету, тапсырмалар беру арқылы меңгерту
2. Сөздік қорларын, ауызша, жазбаша сөйлеу тілін дамыту; шығармашылық жұмыстар, дидактикалық ойындар арқылы жан - жақты ойланып, алған білімдерін саналы түрде қолдана білу әрекетін жетілдіру; логикалық ой - өрісін дамыту.
3. Шапшаңдыққа, уақытпен жұмыс жасай білуге, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: дамытпалы аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, ойын, көрнекілік, жеке, топтық жұмыс -
тар, талдау - жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелер, кесте, тірек сызбалар, оқу құралдары.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу ә) оқушылардың дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық
5 болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер, білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. а Жаттығуды оқыту. ә Сөздерге ауызша дыбыстық талдау жасату. б Өткенді қорыту.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
а Топпен жұмыс. Ауызша тест: Иә, жоқ
1. Дауысты дыбыс 15. иә
2. Дауыссыз дыбыс 10. жоқ
3. Б дыбысы дауысты. жоқ
4. Дауыссыз дыбыс 2 - ге бөлінеді. жоқ
5. Дауысты дыбыс созылып айтылады. иә
6. Б дыбысы қатаң. жоқ
7. Б дыбысы дауыссыз, ұяң. иә
8. П дыбысы ұяң. жоқ
9. П дыбысы дауыссыз, қатаң. иә
10. Б, П дыбыстары дауыссыз. иә
ә Мақсат қою.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – дауыссыз б мен п - ның айтылуы мен дұрыс жазылуының ережесін тапсырмалар орындай отырып меңгеру.
IV. Жаңа сабақ.
1. Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу: Бб Пп
2. Оқулықпен жұмыс.
87 – жаттығу. Т. Молдағалиев. Күзгі дала
Өлеңді мәнерлеп оқиды, п әрпіне аяқталған сөздерді көшіріп жазып, астын сызады. Б мен п дауыссыздардың қай тобына жататынын анықтайды.
Демалып, үлестіріп, алып, сыйлап, шелектеп.
♦ Ереже. Сөз соңында б естілгенімен, п әрпі жазылады: кітап, мектеп, доп.
- Күзгі еңбек түрлерін ата.
- Күз мезгілінің өзге мезгілдерден айырмашылығын айт. Күн суыта бастайды, жапырақтар сарғаяды, жаңбыр жиі жауады, егін піседі, мал семіреді .
- Күз туралы басқа қандай өлеңдер оқыдық? Күз. Ұнатам күзді мен .
Ақпараттық ізденіс.
88 – жаттығу.
Көп нүктенің орнына п, б әріптерінің тиістісін қойып сөздерді көшіріп жазады.
Әде..., тала..., жі..., шө..., қора....
Ой қорыту: Сөз соңында б естілгенімен, п әрпі жазылады.
3. Сергіту сәті.
4. Тақтамен жұмыс.
89 – жаттығу. Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге байланысты сөйлем құрастырып жазады.
Шешуі: Талапты.
90 – жаттығу.
Төмендегі суреттерден штаб, клуб сөздерін қалай оқуға болатындығын түсіндіреді.
Ой қорыту: Штаб, клуб сөздерінің сөздерінің соңында б әрпі жазылады.
Тірек сызбамен жұмыс. Сызбаны сөйлет
1 - топ. Дыбыс
2 - топ. Дауысты дыбыс
3 - топ. Дауыссыз дыбыс
V. Сабақты бекіту:
Үлестірмемен жұмыс.
1. Мына сөздерге б, п әріптерінің тиістісін жаз.
Мекте..., до... ым, кіта..., шта..., тала..., клу....
2. Көп нүктенің орнына п, б әріптерінің тиістісін қойып жаз.
Тағамды асық...ай жайла... іш. Ұртыңды толтыры... алы... сөйлеме.
VI. Сабақты қорыту: - Бүгін не үйрендік? Не білдік?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: 91 - жаттығу. Мектеп тақырыбына әңгіме құра.