Қар көлдері

Скачать

Қызылорда обылысы, Арал ауданы,
Қызылжар елді мекені, №81орта мектебі
География пәнінің мұғалімі
Акбергенова Салтанат Асылбаевна

Тақырып: Көлдер мен бөгендер

Үй жұмысын тексеру
Лездік сұрақтар.
1. Қазақстанның жер көлемі?
2. Қазақстан егемендігін қашан алды?
3. Қанша ұлт өкілдері бар?
4. Нешінші сағаттық белдеуде орналасқан?
5. 1шаршы км - ге қанша адамнан?
6. Д\Ж бойынша жер көлемінен нешінші орын алады?
7. Шекарасының ұзындығы қанша км?
8. Шығысында қандай елмен көрші?
9. Сарыарқа немесе?
10. Қазақстанның ең аласа жері?

Мазмұны
1 Көлдер және бөгендер
2 Жалпы шолу.
2. 1 Тектоникалық көлдер.
2. 2 Реликті (қалдық) көлдер
2. 3 Мұздың көлдер типі.
2. 4 Қар көлдері.
2. 5 Суффозиялық немесе борпылдақ жыныстардың шөгуі салдарынан пайда болған көлдер.
2. 6 Ескі арна көлдері.
3 Бөгендер

Көлдер
Қазақстанда

Қазақстанда 48 000 - астам көлдер бар.
Көлдер солтүстікке қарай орналасқан
Ауданы 100 шаршы км. астам 22 көл бар
94% көлдердің көлемі 1 шар - шы км. ден кем шағын көлдер.
Жастары әр түрлі
Шөл және шөлейт зонасында 20 000 көл бар. Шөл зонасындағы 142 көлдің көпшілігі тұзды.
Орманды дала, дала зонасында 25 287 көл бар, онда ауданы 1 км ден астам 740 көл бар. Тұщы көлдер тұзды көлдерден 6 есе көп.

Қазақстан көлдері қазаншұңқырларының пайда болуына қарай бірнеше типке бөлінеді.

• Тектоникалық көлдер
Тектоникалық көл – төмен түскен ойыстар мен жарықтарда қазаншұңқырлары суға толып, көлдер пайда болады. Оңтүстік - шығыс, таулары мен Сарыарқада көбірек тараған Зайсан, Марқакөл, Қарасор, Теңіз - Қорғалжың тобы жатады.
• Реликті (қалдық) көлдер
Реликті (қалдық) көлдер - ерте пайда болған жазықтарға, Каспий маңы ойпатына тән, Торғай қолатындағы, Балқаш - Алакөл ойысындағы көлдер жатады. Қазақстанның басты қалдық көлдері – Каспий мен Арал теңіздері Бұлар жер қыртысының майысқан бөлігінде тектоникалық көлдер болып қалыптасады.
• Ескі арна көлдері
Ескі арна көлдері – Қазақстан өзендерінің ирелеңдеп ағу нәтижесінде негізгі арнадан бөлініп қалған көлдер. Өзен жайылымдарында орналасады.
• Мұздық көлдер типі
Мұздық көлдер типі - биік тауларда ежелгі мұз басқан аудан дарда кездеседі, мореналық көлдер жатады. Іле Алатауындағы Үлкен Алматы көлі, Жоңғар Алатауындағы Жасылкөл және мұздық көлдері.
• Қар көлдері
Қар көлдері – биік тауларда қар сызығы маңында аяздық үгілу нәтижесінде пайда болған шұңғымаларда таралған. Қар ойыстарының пішіні дөңгелек болып келеді, олар суға толғанда қар көлдері құралады, олар өте көп, бірақ көлемі шағын болып келеді.
• Суффозиялық немесе борпылдақ жыныстардың шөгуі салдарынан пайда болған көлдер
Суффозиялық немесе борпылдақ жыныстардың шөгуі салдарынан пайда болған көлдер - оларды дала табақшалары деп те атайды. Түбі тегіс ойыстар суға толып, шағын көлдерге айналады. Қаз\ң солтүстігінде, Батыс Сібір жазығында мұндай көлдер өте көп.
Бөгендер

3 000 жуық бөгендер бар.
Егер көлемі кіші ойыстарды бөгейтін болса, оларды тоған деп атайды.
Қазақстан аумағында жер беті ағындарын реттеу мақсатында өзен арналарын бөгеу арқылы жасалады.
Халықтың қажетін өтеу үшін жасалады.
Бөгеннің су айдыны немесе акваториясы деп атайды.

Көлеміне қарай

50 км2 - дейін - кіші
250 км2 – дейін – орта.
1000 км2 – дейін - ірі
1000 км2 – ден үлкендері аса ірі бөгендер

Жаңа сабақты бекіту.
Иә , жоқ
1. Қазақстанда 48 000 астам көл бар. (Иә)
2. Ерекшелігі көлдердің жасы әр түрлі. ( Иә)
3. Көлдердің су деңгейі кірісімен шығысының арақатынасына байланысты. (Иә)
4. Мұздық көлдер типі жазық жерлерде кездеседі. (Жоқ биік тауларда)
5. Көлдер орналасуына қарай бірнеше типке бөлінеді (Жоқ қазаншұңқырлардың пайда болуына қарай)
6. Қазақстанда бөгендер саны тоғандармен қосып есептегенде 3 000 (жоқ 4 000)
7. Бөгендер көлеміне қарай 5 типке бөлінеді (Жоқ 4)
8. Ең ірі су қоймасының саны 3 (жоқ 2)
9. Сырдария өзеніндегі су қоймасы – Бөген. (Жоқ Шардара)
10. Акватория деп судың тереңдігін айтады. (Жоқ су айдыны)

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz