Дарынды балалармен жұмыс жоспары
"Бастауыш сынып оқушыларын ғылыми - зерттеу жұмыстарына баулу"
"Әлемдегі терең сыр, ғылыммен ғана ашылмақ..."
Зерттеудің мақсаты:
Баланың жеке бас ерекшеліктерінің дамуына жол ашу.
Қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастыру.
Оқушылардың шығармашылық қабілетінің дамуына ерекше жағдай туғызу.
Еліміздің ғылыми дәрежесін жоғары деңгейге көтеретін ұрпақ даярлау.
Оқушыларға шығармашылық және ғылыми ізденудің әдістерін үйрету.
Жеке тұлғаны дұрыс шешендік сөзге сөйлей білуге үйрету.
Зерттеудің ғылыми өзектілігі
Бұл білімді қоғамдық жағынан көрсетуді жүргізудің бір құралы. Ғылыми зерттеу дегеніміз - ғылым әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір нысан жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген нысандармен танысу. Ең бастысы – дарынды баланы анықтау, оқыту, тәрбиелеу, дамыту – қазіргі уақытта білім беру жүйесіндегі қолға алынып отырған өзекті мәселе. Сондықтан мектептегі оқушылардың ғылыми қоғамдарының негізгі міндетті сыныптан тыс және үйірмелік жұмыс жүйесін оқу – тәрбие процестерімен байланыстыра отырып, ғылыми деңгейге көтеру.
Зерттеудің жұмысының жаңашылдығы
Қазіргі білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты - ой өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан - жақты қалыптасқан жеке тұлға даярлау. Ендеше талантты да қабілетті, ерекше дарынды жасқа айрықша назар аудару қажет – ақ. Заман талабына сай қазіргі таңда білім беру жүйесінде интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, азаматтық, патриоттық, ұлттық рухани қабілетті жетілдіруде үлкен салмақ оқушының өзіне түседі. Оқушыны ғылыми – зерттеу жұмысына қатыстыру үшін алдымен, оны қызықтыра отырып, зерттеу талабын қалыптастыру қажет. Яғни оқушы ақпаратты ала білуге оны басқаларға хабарлай білуге талпынуы тиіс. Баланың зерттеуге деген ынтасын туғызу үшін ОҒҚ мүшелері ортасында оларды қызықтырып, ізденушілікке баулитын танымдық – ағарту жұмыстарын ұйымдастыру керек. Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс - әрекет ұйымдастырудың түрлері өте көп: біріншіден, репродуктивті іс - әрекетті, білімді үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі; екіншіден, “шығармашылық” сөзінің мағынасын “шығару, ойлап табу”. Бұл – жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деген сөз. Шығармашылық тұлғаның ерекшелігі неде? Шығармашылық тұлға жас ерекшелігіне, қызығушылығына қарамастан, өзгелерден дарындылығымен, шұғыл шешімділігімен, өз күшіне деген сенімділігімен, сезім ұшқырлығымен, табандылығымен, асқан шабытымен ерекшеленеді. Оқушы ізденіс арқылы жетістіктерге жетеді. Нәтижесінде білім – ғылымға өте қабілетті жеке тұлғалар қалыптасады.
Зерттеудің ғылыми болжамы
Егер, білім беру жүйесінде оқушылардың тілін дамыту белгілі бір жүйемен үздіксіз жүргізіліп, оларды жүйелі сөйлеуге дағдыландыру үшін алдымен, кешенді жұмыстар мен жаттығулар негізінде ұйымдастырылса; оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы күтілетін білім нәтижелері оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын дамытуға негізделсе, онда оқушылардың тілін дамытудың, сөздік қорын байытудың, сондай – ақ шығармашылық жұмыспен айналысуына нәтижесі мен мүмкіндігі арта түседі. Бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын I сыныптан бастап қалыптастырса, онда оқушы келешекте қоғамдық - әлеуметтік ортада өз ойын еркін жеткізуге, әдеби нормада жүйелі, шебер сөйлеуге дағдыланады. Сөйлеу дағдысының нәтижесінде бала бойында дарындылық қалыптасады. Дарынды тұлға бойындағы еркіндік, батылдық, ұшқырлық, сезімталдық, талдап - жинақтау сияқты кешенді қасиеттерімен қатар, ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну түйсігі, шығармашылыққа деген құштарлығы бар екені анықталады. Ол үшін әр мұғалім өзі бірінші ізденіп, ерінбей еңбектеніп, баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтау қажет. Әр мұғалім дарынды оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, өзара қатынасты жақсартып, ата - ана – оқушы – ұстаз байланысын жоғары ұстап шығармашылықпен жұмыс істеуі – бүгінгі заман талабы.
Дарынды балалармен жұмыс жоспары. жүктеу