Назарларын сабаққа аудару

Скачать

Ақтөбе облысы,
Ақтөбе қаласы,
№32 Жалпы орта мектеп-гимназиясының
бастауыш класс мұғалімі Шамишева Бағдагүл

Сабақтың тақырыбы: Санды теңдіктер және теңсіздіктер

Сабақтың мақсаты: 1.1-класта алған санды теңдіктер мен теңсіздіктер туралы білімдерін тереңдету. Теңсіздіктер мен теңдіктерді ажырата білуге үйрету. Екі амалмен шешілетін есеппен
таныстыру.
2. Есептеу дағдысын, ойлау қабілетін дамыту. Екі таңбалы сандарды ондықтар мен бірліктердің қосындысына жіктей білу дағдысын дамыту.
3. Еңбекқорлыққа, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық.
Технология: ақпараттық
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Пән аралық байланыс: Дүние тану, еңбекке баулу

Сабақтың барысы:
І Алғашқы ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеп, олардың сабаққа дайындықтарын тексеру. Назарларын сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Өтілген материал еске түсіріледі.
Санды және әріпті өрнектер туралы сұралады.
ЭО-тан санды және әріпті өрнектер туралы түсіндірме тыңдалып, тапсырмаларды орындайды.

ІІІ Жаңа материалды меңгерту

Жаңа тақырып хабарланады. ЭО-тан түсіндірме тыңдалады.

1-слайд
Кел, ойнайық! Аралардың бал жинауы. Екі таңбалы сандарды ондықтар мен бірліктердің қосындысы түрінде көрсетеді.
Аралардың еңбекқорлығы туралы қосымша мәлімет беріледі



Скачать


zharar.kz