Ашық сабақ
3 санын қосу және азайт
Сабақтың тақырыбы: 3 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: Сандарға 3-ті қосу, азайту тәсілдеріне есептер шығара отырып, есептеу дағдыларын қалыптастыра білуге баулу. 10 көлеміндегі санға 3-ті қосу, азайтуға байланысты есептерді шығарту арқылы есептей білу қабілеттерін дамыту. Сабақта достыққа, коллектившілдікке баулуға тәрбиелеу.
С. түрі: Жаңа сабақ
С. әдісі:
Көрнекілігі: Ойындар, ребустер, тірек, схемасы.
Сабақ жүрісі.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Әжейге көмек ойыны
Оқушылар сіздердің қаншалықты меңгергендеріңізді байқау үшін 10 көлеміндегі. Тәсіліне есептер шығарамыз.
- Балалар сіздердің әжелеріңіз барма?
- Олай болса әжелеріміздің сіздерге берген тапсырмасы бар. Сандарды өсу ретімен қоятын болсақ әжейдің құттықтау сөзі шығады.
- Кәне кімдер шығады екен? 1, 2, 3 деп атау
- Ал осы сөйлем неше сөзден тұрады?
- 3 сөзден. Олай болса 3 санының құрамын кім атап берер екен. 3 санының құрамы қандай сандардың қосындысынан тұрады.
3 3 Ал осы жерде қандай ереже бар еді?
Қосылғыштардың орны қалай тұр?
- Қосылғыштардың орны ауысып тұр екен. Ереже.
Қош келдіңіздер, қонақтар! Неше сөзден тұрады?
Қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосындысының мәні өзгермейді.
ІV. Қосу
4 - 3=1
2+3=5
5 - 3=2
1+3=4
V. Мазмұнды есеп
Шарты: Болғаны - 9 бала
Кеткені – 3 бала
Қалғаны -?
Шешуі: 9 - 3=6
Жауабы: 6 бала қалды.
VІ. Өз бетімен жұмыс.
Орындарынан 2 топқа өрнектің мәнін табу арқылы суретті бояй білуге жаттықтыру.
VІІ. Кім шапшаң ойыны
Тақтаның алдына жауабын қою. Тест әдісі бойынша қолдарындағы сигналдарын көрсету.
VІІІ. Ребус.
Ешкі=екі
түйе ш=үш
1. Суретке қарай отырып, мына әріптерді алып тастасақ. 3 дыбыстан тұратын сан шығады.
2. Бастапқы мен соңғы екі дыбысын алып, мына дыбысты қоссақ, екі дыбыстан тұратын сан шығады.
2˂3 3˃2
ІХ. Математикалық жұмбақ.
1. Көлден ұшты 7 қаз,
Қайтып қонды 3 қаз.
Қонбады оның нешеуі,
Кәне кім тез шешеді?
2. Шығармақ боп неше есеп,
Жиналғанды 5 есек
3 - еуі ұйықтап отырды
Ынталысы неше есек?
3. 10 Кітаптың 3 - еуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?
Х. Домино ойыны
Оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдіру үшін қорыту ойыны айналды.
ХІ. Қорыту.
ХІІ. Бағалау.
Атырау қаласы,
№5 Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі Макиева Марта