1 сынып
Сабақтың тақырыбы: 8 саны және цифры
Сабақтың мақсаты: 1. 8 саны мен цифрымен, ол санды шығарып алу жолдары, оның сандар қатарындағы орнымен таныстыру.
2. Оқушылардың ойлау, есептеу дағдыларын дамыту,
3. 8 цифрын дұрыс жазуға, ұқыпты жазуға үйрету.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап,
Көрнекілігі: сандар қатары, 8 цифрының үлгісі, дидактикалық материалдар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру: Сабақ мақсатын түсіндіру
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген тапсырманы пысықтап, талдау.
Кім жылдам ойынымен 7 санының құрамын жазу
III. Өткенді қайталау, сабақ мақсатын хабарлау
Сабақтың әр тапсырмасы бойынша ұпай, геометриялық фигуралар беріп, сабақтың ең соңында ұпай саны есептеліп, қай топ жеңгені хабарланатынын айту
1. 0 - дан 7 дейін тура, кері санау
2. Қандай санды жоғалттым. 0.. 2... 4... 6...
3. Логикалық тапсырма
Алты қонжық көңілді,
Тергісі келіп таңқурай,
Тоғайға қарай беттеді,
Шаршаңқырап ең кішісі,
Қалып қойды достардан.
Ал енді жауап беріңдер?
Озып кетті қонжықтың,
Алға қарай нешеуі?
4) Жұмбақ шешу
1. Менімен таныс емессің,
Теңіз түбі қонысым.
Аяғым сегіз, басым бар,
Айтшы қане, кіммін мен?(сегізаяқ)
2. Сегіз аяқ, сегіз қол,
Кестелейді тігеді.
Жібектей әсем дөңгелек,
- Ол не?(өрмекші )
- Бүгін біз сабақта не үйренеміз?
- 8 санын шығарып алуды, 8 цифрын жазуды.
IV. Жаңа сабақ:
- Сандар қатарындағы 8 санының орны қайда?
- 8 саны қай саннан кейін келеді? Неліктен?
5. кітаппен жұмыс:
№ 1 тапсырма бойынша оқушылар 8 санын қалай шығарып алуға болатынын айтады. түсіндіреді.
Сергіту сәті;
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш.
Қолға қалам аламыз
Сегіз санын,
Әдемі етіп жазамыз.
6. Дәптермен жұмыс
- № 2 тапсырма бойынша 8 цифрының жазу үлгісімен танысу, жазу.
7. өзіндік жұмыс:№ 3, 5
Сергіту сәті: Ойын: Дәл осындай пішінді тап
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.
Ойынның құрал - жабдықтары: бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден құралған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады.
V. Сабақты бекіту:
Ойын: Қай қолымда көп
Ойынның мақсаты: аз және көп заттарды ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның құрал - жабдықтары: әртүрлі ұсақ заттар – моншақтар, түймелер
Ойынның мазмұны: ортаға бір баланы шақырып, оң және сол қолына көп және аз заттарды ұстатады. Бала алдымен көз мөлшерімен қай қолда зат көп, қай қолында аз зат бар екенін анықтайды. Одан кейін заттарды қатарымен қойып, қай қатарда көп, қай қатарда аз зат тұрғанын салыстырады.
- Ата - анаға көмектес ойыны
Ойын шарты: Күзгі еңбек туралы қысқаша әңгімелеп, тез, шапшаң көкөністерді жинау арқылы көмектесу, білімдерін тексеру(тапсырмаларды ауызша орындау)
- 3 - 7 сандарының құрамын табу.
V Сабақты қорытындылау:
- Қандай санмен таныстық?
- 8 саны қай саннан кейін тұрады?
- Бүгінгі сабақ ұнады ма? т. б
Қай топ жеңіске жеткенін айтылады
Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.