Сабақтың тақырыбы: 37+7 және 44-7 түріндегі ауызша есептеу тәсілдері
Мақсаты: Ондықтарды қосу және азайтуға, бірліктерді разрядтан аттау арқылы қосуға негізделген ауызша есептеу тәсілдерімен таныстыру.
Міндеті. 1. Ауызша есептеуге жаттықтыру.
2. Өтілген есептеу тәсілдерін пысықтау; оларды есеп шығару кезінде қолдана
алуға үйрету.
3. Оқушыларды білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: Түсіндіру, қайталау.
Көрнекілігі: Кесте, аққала макеті,
Сабақ барысы.
I Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
II Тірек білімдерін жетілдіру.
1. Тиімді тәсілмен есепте. 4+8+2,
28+2+5,
6+4+25,
13+5+5.
2 Үндемес ойыны
№1 тапсырманы үндемей отырып, ойланып, қол көтеріп жауап береміз.
III Жаңа сабақ
1Жаңа сабақты мұғалімнің түсіндіруі
37+7=(37+3)+4=40+4=44
3 4
37+7=30+(7+7)=30+14=44
30 7
44-7=(44-4)- 3=40-3=37
30 14
44-7=30+(14-7)=30+7=37
4 3
2 Тақтамен жұмыс
-№3 есептеуді түсіндіре отырып шығарамыз. (Қай тәсілді, неше тәсілмен шығаратынын өзі біледі. Тексеріп қорытынды жасаймыз.)
3 Тақтамен жұмыс
-№4 есепті оқимыз, талдаймыз, шығарамыз. Сұрақтар: Есеп не туралы, не белгілі, не белгісіз, нені табамыз?
Шарты: Екінші сынып-18дм
Бірінші сынып-9дм
Екінші сынып неше дм артық?
Шешуі: 18-9=9
Жауабы: Екінші сынып 9дм артық (өз беттерімен кері есеп құру керек)
№5 есепті талдау арқылы шығарамыз.
Шарты: Болғаны-8кг және 10кг
Желінді-7 кг
Қалғаны -? Кг азық
Шешуі: (8+10)- 7=11 Жауабы: Қалғаны 11 кг азық.
( тақтада кері есеп шығарып талдау жасалады)
Сергіту сәті Сыңғыр-сыңғыр қоңырау,
Сыңғырлаған көңіл-ау.
Алып-ұшып жүректер,
Гүлге толды омырау.
5. Математикалық диктант
А) 20 мен 13 қосындысына 24-ті қос.
Б) 100-ден 55 пен 15-тің айырмасын азайт.
В) 14-ке 56 мен 5-тің қосындысын қос.
Г) 82 мен 18-дің қосындысынан 45-ті кеміт.
6. Өз бетімен жұмыс
№6 тапсырманы өз бетімізбен шығарамыз.
Мақсат: Оқушылардың ауызша есептеулерін қадағалап, бақылау.
IV Қорытындылау
Ауызша тез есептеп жауабын айтамыз.
56+40
87+3
12+13
56 – 16
22 – 11
55 – 44
88 – 77
22+22
55 +5
44-14
V Үйге тапсырма: №7, 8
VI Бағалау