Талдықорған қаласы,
№16 орта мектеп - гимназиясының
математика пәнінің мұғалімі
Сапарғалиев Марат Тілеуліұлы
8 сыныпта Геометрия пәнінен Тік төртбұрыш тақырыбына сабақтың қысқа мерзімді жоспары
Сабақ тақырыбы: Тік төртбұрыш
Сабақтың мақсаттары: а) оқулық: оқушылардың тік төртбұрыш жайындағы білімдерін жалпылау, тіктөртбұрыштың диагоналдарының теңдігінің дәлелдеуін меңгерту, тік төртбұрышқа берілетін есептерді шешуді үйрету;
ә) дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, ой ұшқырлығын дамыту;
б) тәрбиелік: оқушыларды ұқыпты болуға, тиянақтылыққа, көпшіл болуға тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері: - тік төртбұрыштың анықтамасын айта алады;
- тік төртбұрыштың диагоналдарының теңдігін дәлелдей біледі;
- тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасына жүргізілген медиананы есептей біледі;
- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы дамиды.
Орындалатын іс - әрекеттер:
Мұғалімнің орындайтын іс - әрекеттері:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушыларды түгендеп, сабаққа қатысуын тексеру;
ә) оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.
б) сынып оқушыларын төртбұрыш , параллелограмм , тік төртбұрыш , квадрат топтарына бөлу. Көшбасшыларға бағалау қағаздарын үлестіру.
ІІ. Үй жұмыстарын тексеріп шығу.
2. 1. Оқушылардың үй жұмыстарын тексеріп өту.
2. 2. Өткен тақырып білімдерін еске түсіріп өту:
1) Қандай төртбұрыш параллелограмм деп аталады?
2) Параллелограммның қандай қасиеттерін білесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ тақырыбын таныстыру. Сабақ материалын сынып оқушыларымен топтасып жұмыс орындау көмегімен түсіну:
Анықтама: Тік төртбұрыш деп барлық бұрыштары тік болатын параллелограммды айтамыз.
Теорема: Тік төртбұрыштың диагоналдары тең болады.
Дәлелдеуін топтасып орындау.
Өз шешімдерін қорғау.
IV. Топтық жұмыс:
1 - тапсырма:
Тік төртбұрыштың қабырғаларының қатынасы 2: 3 қатынасындай, ал периметрі 40 см. Тік төртбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
Шешуі:
Ені: 2х
Ұзындығы: 3х
Сонда: р=2(а+в)
2(2х+3х )=40
5x=40: 2
5x=20
x=4
Бұдан ені – 2х=24=8 см,
ұзындығы – 3х=34=12 см.
№77. Екі бұрышы тік болып келетін төртбұрыштың тік төртбұрыш бола бермейтінін көрсетіңдер.
V. Сергіту сәті. Гимнастикалық жаттығулар орындау.
VІ. Топтық жұмыс. №87. Тік төртбұрыштың бір бұрышының биссектрисасы қабырғасын қақ бөледі. Оның кіші қабырғасы 10 см. Тік төртбұрыштың периметрін табыңдар.
Толық нұсқасын жүктеу