Оқу - оқушының негізгі таным әрекеті

Скачать

Баяндама
Тақырыбы: География пәнінен ҰБТ - ге дайындау тәжірибемнен

І. Кіріспе
Оқу - оқушының негізгі таным әрекеті
ІІ. Негізгі бөлім
1. Тест - оқушы білімі мен дағдысын қалыптастырудағы қазіргі заманның озық технологиясы.
2. География пәнінен ҰБТ - ге дайындау тәжірибемнен
ІІІ. Қорытынды
1. Тест - оқу үрдісіндегі нәтижелі білімнің, тиімді әдіс - тәсілдердің өлшемі.

Кіріспе.
1. Оқу - оқушының негізгі таным әрекеті.
Қазақстан Республиканың Президентінің Қазақстан халқына
1 - наурыз 2006 жылғы Жолдауында Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін сапалы білім берумен қамтамасыз етуіміз керек деп атап көрсетті.
Елбасының осы ұсынысын қолдай отырып, оқушыларға жан - жақты білім беріп, іргелі оқу орындарының студенттері болуына біздер, мұғалімдер, бар күш - жігерімізді салуымыз керек.
Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаға кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек. Рухани жан - дүниесі бай, халқын сүйген, ата - баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашақ тірегі бола алады. Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі - ел алдындағы маңызы зор міндет.

Мектептің негізгі міндеттері - баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттілігін дамыту, оқуға деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыру. Ол үшін ең алдымен, оқушылардың танымдық іс - әрекеттерінің маңызды жақтарына көп көңіл аудару қажет. Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық жан қуаттарының оянуына түрткі болу - ол мектептегі оқытудың негізгі мәселелері.
Оқушылардың белсенділігі мен танымды іс - әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айырықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, мектептердің алдында тұрған міндет.


Скачать


zharar.kz