Сүйікті әйел қандай болуы керек?
1. Еркекті – өмірдің мәні, армандаудың шегі, бүкіл әлем деп түсіну қате. Әйел өмірінде еркектің болғанының өзі, әлемді анағұрлым кең де қызықты етеді. Сондықтан үнемі оның мойынына асылып отыру, зыр жүгіре қызмет қылу, айналшықтап қасынан шықпау, оған тәуелді болу қажет емес, жай ғана жаныңызда болуынан ләззат ала біліңіз.
2. Ер-азаматы қиындыққа тап болған жағдайда әйел отбасын ауырлықтан алып шығатындай дәрежеде болуы керек. Табыс таба алатындай, кез келген кәсіпті дөңгелете алып кете алатындай - шебер. Еркектер үшін, көк тиын таппай масыл болып жататын әйелге қарағанда мұндай шебер әйелді жоғалтып алу әлдеқайда қорқынышты.
3. Әйел – отбасының қорғаушысы. Әр әйел ісмер болмаса да, дәмді бәліш пісіре білуі керек, бәліш пісіре білмесе де қарапайым еттен жасалған котлет пісіре алуы керек. Тағамды дәмді пісіре білетін, жейдені әдемі үтіктей білетін үйдің еркегі басқа үйге кетпейді.
4. Еркек тапқан табысының бәрін әйелге ұстатып қоюға міндетті емес.
Егер күйеуінің тапқан табысының толық қолыңа салмағанын білген күнде де, әйел оның әмиянын ақтарып түрлі тексерулер жасауына болмайды. Күйеуінің бір қалтасында банк картасы, екінші қалтадағы ұялы телефонда сұлу бикештің телефон номері жазылып тұрғанын білсе де.
5. Әйел – ана, үй бикесі, нақсүйер сонымен бірге – адал дос. Еркектер рухани жалғызсырауға шыдай алмайды – оларға міндетті түрде жоспарымен бөлісіп, күнделікті іс-әрекетті талқылап, кеңес алып, ақылдасып отыру қажет. Ол майды-шүйде шаруа болса да.
6. Күйеуінің сүйіктісіна айналған әйел ешқашан ерінің шамына тимейді. Күйеуіне күдіктене қарап, ұрыс шығарып, көпшіліктің көзінше жағымсыз мінез көрсетіп, жыныстық қатынасты алдап-арбау үшін қолданбайды. Сөйлесіп отырып келісімге келеді, тіл табыса алмаған жағдайда сабырлық сақтап үнсіз қалады.
7. Өзін әрқашан жетілдіріп отыруға ұмтылады. Ол әрдайым жақсы көрінуге тырысады. Өзінің жағымсыз әдеттерінен арылуға тырысады. Ол өзінің тапқан табысын өзіне жұмсайды – оның беделін басқа еркектердің көзінен көруге болады.
8. Сүйікті әйелдер күйеуінің жағымсыз әуес әрекеттерін жасыра біледі, өзінің де.
9. Әйел ақымақ емес, әлсіз бола білуі керек.
10. Сүйікті әйелдер өзін жақсы көреді. Өзін сүйе білетін әйел, күйеуін де сүйеді.
Егер осы қасиеттер әйелдің бойында болса, мұндай әйелден ешқандай еркек айрылғысы келмейді.
Дайындаған: Асыл