Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы, Ақбота балабақшасының тәрбиешісі
Амангалиева Гулнар Дуйсенбаевна
Тақырыбы: Мақал сөздің мәйегі
Сабақтың мақсаты: Ана тілінің маңызы мен қоғамдағы орны туралы жас ұрпақтың ана тілінің қадір қасиетін түсіне білуін, сүйе білуін арттыру. Балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Қажетті құрал: Интерактивті тақтамен жұмыс.
Қолданылатын әдіс: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Ұйымдастыру кезеңі:
- Бүгінгі оқу іс - әрекетіміз тіл дамыту, сабағымыздың тақырыбы Мақал сөздің мәйегі . Алдымен сабағымызды шаттық шеңбермен ашайық.
- Балалар дөңгеленіп, бір - біріңнің қолдарыңнан ұстап көрейікші. Не сезініп тұрсыңдар?
- Жылулық.
– Осы алақан жылулары арқылы жақсы тілектер айтайықшы.
– Аспанымыз ашық болсын!
- Деніміз сау болсын!
- Көк туымыз биік болсын!
- Нанымыз көп болсын!
- Ата - анамыз аман болсын!
- Көп жасаңдар, айтқан тілектерің қабыл болсын.
– Балалар біз қай республикада тұрамыз?
- Қазақстан Республикасы.
– Біздің президентіміз кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
- Біз қай тілде сөйлесеміз?
- Қазақ тілінде сөйлейміз.
– Қазақстан
Республикасының рәміздерін, перне тақтадан тауып, кім айтып береді?
- Ту, елтаңба, әнұран.
– Ал, енді бәріміз бірігіп, әнұран орындайық.(әнұран орындалады)
Ғажайып сәт. (қонаққа қазақ елінен, Ана тілі келеді)
Ана - тілі: - Сәлеметсіздер ме, балалар. Мен Ана тілі боламын. Мен балалардың өз ана - тілін қаншалықты біледі екен, тексерейін деп келдім. Сендерге қазақ елінен үш тапсырма беріп жіберді. Өнерлерің тамашалайын деп келдім. Қандай әдемі балалар!
- Тәрбиеші: Ой, Ана - тілі, жақсы келдіңіз. Онда сіздің тапсырмаңызды орындаймыз.
– Ана - тілінің тапсырмасын орындаймыз ба?
- Иә
Тәрбиеші: - Сабағымызды сайыс сабақ қылып өткізейік. Оң жақтағы балалар Тағлым , сол жақтағы балалар Асыл мұра деп тағайындайық. Ойының шарты айтып өтейін.
1. Тобын таныстыру.
2. Мен тілім бар да, білмеймін қайғыны деп тақпақ айтып жарысу.
3. Атаның сөзі – ақылдың көзі деп мақал – мәтел айтып жарысу.
– Ал, екі топтың басшылары топтарыңды таныстырыңдар. – Ана тілі, сіз балалардың ұпайларын беріп отырыңыз.