Еуропадағы соғыс ошағының құрылуы

Скачать

Екі соғыс аралығындағы халықаралық қатынастар
Сабақтың тақырыбы: Екі соғыс аралығындағы халықаралық қатынастар
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға 1920 ж халықаралық жағдай Еуропадағы соғыстың басты ошағының құрылуы туралы, басқыншылық блоктың құрылуы жайлы, Ағылшын – Француз - Кеңес келіссөздері, Мюнхен келісімі, 1939 ж Кеңес – Герман пакті жайлы әңгімелеп түсіндіру.
в) қосымша сұрақтар, слайдтар арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту, ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
с) оқушыларды сабақ барысында әдептілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: дүние жүзінің картасы, слайдтар
Пәнаралық байланыс: география, құқық, әдебиет

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеп, сабаққа кірісу
Кабинет тазалығына мән беру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІҮ. Үйге тапсырма беру
Ү. Қорытындылау. Бағалау
Үй тапсырмасының сұрақтары: Тропиктік және Оңтүстік Африка елдері
1. 1920 - 1930 ж. халықтың әлеуметтік - жағдайы қандай болды?
2. Африка елдері өнеркәсіпте қандай өнімдер шығарды?
3. Оңтүстік Африка Одағы қашан құрылды?
4. Кибангизм дегеніміз не?
5. 1930 ж қай елдерде наразылық шерулері болды?
6. Неліктен Африка елдері еуропалықтардың ықпалынан шыға алмады?

Қорытындылау. Тропиктік және Оңтүстік Африка елдері Марокко, Уганда, Алжир, Руанда, Бурунди, Того, Танганика, Тунис, Камерун, Намибия, Мозамбик, Ангола, Гвинея - Бисау, Сомали, Эритрея, Сенегал, Нигерия.
Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңілген Германияның отарлары Англияға, Францияға, Бельгияға өтіп кетті, ал Германдық Оңтүстік – Батыс Африка Оңтүстік Одағына тәуелді болды.
Сөйтіп, бірнеше Еуропа мемлекеттері бүкіл құрлықты бөлісіп, халқын қанады. Күшпен, зорлықпен орнатылған империалистік отаршылдық тәртіп зардабына қарсы Африка халықтары дүркін - дүркін көтеріліске шығып отырды.
Батыс елдері отарларға әр түрлі билік жүйесін енгізді. Жерсіз шаруалар плантациялық жұмысшылар қатарында болды. Нашар тұрмыстан, қара жұмыстың ауыртпалығынан адам шығыны көп болды. 14 - 16 сағат жұмыс күні, шаң - тозаң, еңбекақы төмен, жазалау шаралары көп ауыр жағдайда өмір сүрді.

Жаңа сабақ:
Жоспары
І. 1920 ж. халықаралық жағдай
ІІ. Еуропадағы соғыс ошағының құрылуы
ІІІ. Берлин - Рим - Токио басқыншылық блогының құрылуы
ІҮ. Мюнхен келісімі
Ү. Ағылшын – Француз – Кеңес келіссөздері

І дүниежүзілік соғыс – 1914 - 1918 ж
ІІ дүниежүзілік соғыс - 1939 - 1945 ж

1927 ж. Жапонияның премьер - министрі Г. Танака императорға құпия меморандум жолдап, онда Әлемді бағындыру жоспарының ең алғашқы адымы Маньчжурия мен Монғолияны және Қытайды жаулап алу деп көрсетті. 1933 ж. Жапония Ұлттар Лигасынан шықты.
1933 - 1935 ж. Германияның ең басты міндеті - Версаль шарттарының баптарын жойып, Германияны қаруландыруға жол ашу болды.
1936 ж. Германия әскерлері Рейн аймағына басып кірді. Сөйтіп, Батыс державалары Гитлердің жаңа соғысты әзірлеуіне дем берді.
Дүние жүзін қайта бөлісу, соғыс өртін өршіту мақсатымен көптеген елдер өзара саяси - әскери одақ құруға асықты.
Чехословакия
1939 ж. 23 тамызда Мәскеуде КСРО мен Германия шабуыл жасаспау туралы шартқа қол қойды
Жаңа сабақты бекіту
1. Екі соғыс аралығы қай жылдарды қамтиды?
2. Әлемді бағындыру жоспары жайлы не білесің?
3. Жапония Ұлттар Лигасынан неге шықты?
4. Германияның мақсаты қандай?
5. Германия қандай жерлерді жаулады?
6. Дранг нах остен дегеніміз не?
7. Чан Кайши кім?
8. Берлин - Рим белдігі қай жылы құрылды?
9. Адольф Гитлердің мақсаты қандай болды?

Мәтінмен жұмыс
Батыс елдерінің жалтақтығы салдарынан КСРО - ның оқшауланып жалғыз қалу қаупі туды. Германия Кеңес үкіметін 10 жылдық мерзімге шабуыл жасаспау туралы пактіге келісуге шақырды. КСРО ұсынысқа келісіп, 1939 ж 23 тамызда Мәскеуде КСРО мен Германия шабуыл жасаспау туралы шартқа қол қойды. Кеңес – Герман келісімі және оған тіркелген құпия хаттама Риббентроп – Молотов пактісі деп аталды.
Қорытынды.
Батыс державалардың басқыншыларының қолпаштау саясаты Еуропадағы күштердің арасалмағын өзгертті. Фашистік державалар күшейді, соғыс қаупі өлшеусіз артты.

Бағалау.
Үйге тапсырма. § 20 (126 - бет)
1. Тақырып мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап беру
2. Жапония, Германия, Қытай мемлекеттері туралы мәлімет жинау


Скачать


zharar.kz