9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Батаменен ел көгерер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: бата төңірегінде ой қозғау, осы тақырыптағы өз ойларын мемлекеттік тілде сауатты, көркем, толық жеткізе білуге үйрету.
Дамытушылық: бата туралы ой - өрісін кеңейтіп, тақырып бойынша өз ойын жеткізе алуға дағдыландыру, сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: өз Отанының патриоты болуға, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Қазақ елін, оның салт - дәстүрін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақты өткізу әдісі: ой - қозғау, ізденіс, талдау, сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд, оқулық, тест тапсырмалары.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру.
Сыныпты түгендеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
- Бүгін бізде ерекше сабақ, осы сабағымызды бәріміз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып ойдағыдай өткізуге тырысайық.
- Сіздерге жақсы көңіл - күй тілеймін!
- Бүгін нешінші күн?
- Аптаның қай күні?
- Сәрсенбіні басқаша қалай деп атайды?
- Қазақ халқы сәрсенбінің сәтіне қарай, қандай игі бастамалар бастайтынын білесіңдер ме?
2. Үй тапсырмасын тексеру:
3. Жаңа сабақ
Балалар, бастаған негізгі тарауымыз Өмірлік өнеге деп аталады. Сабағымыздың негізгі мақсаты да қазақ халқының үлгі өнегесі туралы өз ойларымызды мемлекеттік тілде сауатты жеткізе білуге үйрету. Бүгінгі жаңа тақырыбымыз:
Батаменен ел көгерер
- Бата дегеніміз не? Бата жайлы не білесіңдер?
(ой қозғау)
- Бір іске қадам баспас бұрын яғни ойға алған дүниені бастамас бұрын адам Ниетті түзеп, Тілек тілейді. Өз мақсатына жету үшін Аллаға сыйынады. Бүкіл Ой, Ниет, Тілек түгелімен жинақталып, сөз болып бір арнаға құйылады.
Бата - дегеніміз осы.
Батаның түрлері: ( Ас батасы, Жол батасы, Наурыз батасы, Рамазан батасы, Ақ бата, )
Мағынасы: Ас батасы - ас келгенде және асты қайыру кезінде жасалады. Рамазан батасы - үш күнгі ораза айтта айтылатын ізгі тілек, жақсы ниет.
Жол батасы - ұзақ жол, киын сапарға аттанарда үй иесі құдайы тамақ беріп, аузы дуалы ақсақалдан бата алады т. б.
Батаның мақсаты
1. Ел - жұрттың бір - біріне деген сүйіспеншілігін айту.
2. Достыққа, береке - бірлікке, ынтымаққа шақыру.
3. Жақсы іске бас болу.
4. Үлкен - кішінің жолын ашу.
5. Алдағы өмірге мақсаттар белгілеу.
БАТА әрқайсымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз.
Сөздікпен жұмыс
Денсаулығың зор болсын!
Бақыт қонсын!
(осы тіркестерді пайдалана отырып, сөйлем құрау)
Оқулықпен жұмыс
(33 - бет, 2 - тапсырма)
Әңгімені түсініп оқу
Мәтін бойынша түсініктерін тексеру
Сөйлемдер Дұрыс Дұрыс емес
Бір кезде қашада тұрған Әміржан жүгіре жөнелді.
Бір қарт кісінің қолынан ауыр сөмкесін алмады.
Айдар, ол үлкен кісі ғой, сөмкесі ауыр екен, көмектестім.
Ол кісі маған өркенің өссін, үлкен азамат бол деп батасын берді.
Ол кісі маған батасын бермеді.
Тақтамен, дәптермен жұмыс. (сөйлем талдау)
1. Бата сөзіне фонетикалық талдау жасау.
2. Сөйлем мүшелеріне талдау.
Әулиеатадан әкем қайтып келгенде, ағайын құтты болсын айтуға жиналып қалған екен.
Ол кісі маған батасын берді.
3. Морфологиялық талдау.
Қайтып келгенде
5. Сабақты бекіту:
Балалар бүгінгі сабақта не біліп, не үйрендік?
6. Үйге тапсырма:
34 бет, 4 тапсырма жаттау
Ұшқан ұя мәтінін оқу, мазмұндау
7. Бағалау