Алма ағашта жеті алма, Қандай тәтті жесе алма

Скачать

Сабақтың тақырыбы: 7 санының құрамы
Сабақтың мақсаттары:
1. 7 санын екі санның қосындысы түрінде жазу, кез келген 7 –ден кем санды 7-ге дейін толықтыру, 7 санының құрамын пайдаланып, мәні 7-ге тең қосынды, оған кері айырма құрастыруды қалыптастыру.
2. Зейінін, ойлау жылдамдығын, есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Ұжымдағы өз бетінше жұмыс жасай білуге, есептеу дағдыларын күнделікті тұрмыста қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Карта: Алгоритм
Технология түрі: БжС
Сабақтың көрнекіліктері: ОӘЖӘ сызбасы, ТКШ, АКШ, ЖКШ тапсырмалары
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру
ІІ.Сергіту сәті
Санға 1-ді, 2-ні қосу, азайту
ІІІ. Қайталау
1. а) Математикалық диктант
Қосылғыш---------------5 ---6---7---2---8---1---9
Қосылғыш---------------2 ---2---3---0---2---5---1
Қосындының мәні..........................................

Азайғыш-----------------6---6---7---2---8---1---9
Азайтқыш---------------2---2---3---0---2---5---1
Айырманың мәні………………………………………..

ІҮ. Жаңа сабақ
ОӘЖӘ сызбасы арқылы жаңа сабақ түсіндіріледі
2. 1 - түсіндіру
Жаңа сабақты ОӘЖӘ сызбасы арқылы қанша уақыт түсіндіргендігі анықталып, тақтаға жазылады. Оқушылар дәптердің оң жағына Байқау деп жазып қояды. Барлығы мұғаліммен бірдей 1 шапалақ соғады. Шапалақ бірдей шықпаса, қайта соғылады.
Орындау уақыты: 5 оқушы 30 секунд
ТКШ
4+* = 7
АКШ
5+ * =7
7- * =*
ЖКШ
6+ * =7
*- * =*
* - * =*
Әр күрделілік шектің жауабын мұғалім ретімен жазады, оқушылар жұптық тексеру арқылы бір-бірін тексереді.Әр күрделілік шектегі тапсырмалардың орындалу сапасының пайызын мұғалім шығарып, 63% салыстырып, тақтаға жазады.

3. Математикалық жұмбақ есептер
1. Алма ағашта жеті алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Жетеуінде жеп қойсам,
Қалады онда неше алма? ( 0 )
2. Табақта 4 өрік,
Қолымда 3 өрік.
Қосқанда барлығын
Болады неше өрік? ( 7 )
3. Маратта бар 5іні,
Мұратта бар 2 іні.
Қоссақ бес пен екіні,
Неше болады шешуі? (7 )

4. 2 – түсіндіру. Түсіндіру уақыты тақтаға жазылып қойылады.
Уақыты:1- түсіндіру уақытының жартысына тең болуы керек
Мұғалім оқушылардың қате жіберген тұстарына ғана тоқталады.Оқушылар дәптердің оң жағына Бекіту деп жазады.Екі шапалақ соғылады. Егер - онда кестесі арқылы 2- тапсырма беріледі:
Орындау уақыты: 5 оқушы 30 секунд
АКШ
3+ *= 7
7- * =*
АКШ
0 + *= 7
7 - * =*
ЖКШ
1+ * =7
*- * =*
* - * =*
Әр күрделілік шектің жауабын мұғалім ретімен жазады, оқушылар жұптық тексеру арқылы бір-бірін тексереді.Әр күрделілік шектегі тапсырмалардың орындалу сапасының пайызын мұғалім шығарып, 63% салыстырып, тақтаға жазады.

6. 3– түсіндіру. Түсіндіру уақыты тақтаға жазылып қойылады.
Уақыты: 2- түсіндіру уақытының жартысына тең болуы керек
Мұғалім оқушылардың қате жіберген тұстарына ғана тоқталады.Оқушылар дәптердің оң жағына Есте сақтау деп жазады.Үш шапалақ соғылады. Егер- онда кестесі арқылы 3- тапсырма беріледі:
Орындау уақыты: 5 оқушы 30 секунд

АКШ
7 + *= 7
7 - * = *
АКШ
2 + *= 7
7 - * = *
ЖКШ
1 + * = 7
* - * = *
* - * = *
Әр күрделілік шектің жауабын мұғалім ретімен жазады, оқушылар жұптық тексеру арқылы бір-бірін тексереді.Әр күрделілік шектегі тапсырмалардың орындалу сапасының пайызын мұғалім шығарып, 63% салыстырып, тақтаға жазады.

Ү. Бекіту
Дос таңдау ойыны
Мақсаты: санның құрамы туралы білімдерін толықтыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту
Сонымен 7 дегеніміз:
6 бен 1, 5 пен 2, 4 пен 3, 7 мен 0
ІҮ. Бағалау
ҮІ. Үйге


Скачать


zharar.kz