Африкалық балалар анағұрлым сабырлы.
Германиялық балалармен салыстырғанда Африка халқының балалары өз арман - тілегін басқара біледі екен. Адам психикасының елеулі ерекшеліктерінің бірі – күте білу. Мысалы, аздаған сый ұтып алдыңыз дейік, оны алмай тұра тұрсаңыз көбейеді дейік, көбеюін күткен жөн бе әлде барын ала салған дұрыс па? Әрине күткен жөн, алайда барлық адам сабыр ете алмайды. Сабырлық таныту, материалдық заттар сондай-ақ қаржылық және экономикалық болашағыңды жоспарлай білуге ғана қатысты емес. Басқа адамдармен ортақ тіл таба білу, кейбір күрделі психологиялық қатынастарда асығыстыққа бармай соңын тоса білуге қатысты.
Сабырлық, шыдамдылық – адамның өзін-өзі бақылауда ұстауы деп сипаттауға болады. Жоғарыда атап өткендей әркім өзін бақылауда ұстауға бейім емес; бір сәттік ләззаттың арты ауқымды әрекетке айналуы мүмкін.
Психологтар адамның сабырлық жасау қасиетінің дамуына зерттеу жүргізу нәтижесінде маршмеллоу тесті дүниеге келді.
Алғаш маршмеллоу тәжірибесі өткен ғасырдың 70 жылдары жасалды: балаларға маршмелоу тәттісі ұсынылады (тесттің атауы тәттіге байланысты қойылған), тәттіні қазір жеуіне болады немесе кейінірек яғни 5 - 10 минуттан соң жеуге болатыны, асықпай жесе тағы бір тәтті беретінін ескертіледі. Балалардың жартысы тәттіні тез жеп қойған, жартысы асығыстық жасамаған, алайда тәттіні тез жеп қойған балалардың саны көп болған.
Бұл тест алайда басқа елдегі балалармен жүргізілген жоқ. Оснабрюк университетінің зерттеушілерімен бірге Германиядағы басқа да бірнеше зерттеу орталықтарының әріптестерімен, төрт жасар неміс балалары мен камерундық балаларды салыстыру үшін эксперимент жасауға шешім қабылдайды (мұнда маршмеллеу тәттінің орнына камерондық тәтті ұсынылады).
Кішкентай камерундық балалардың 70 пайыздан көбі берілген тәттіні жемей қосымша берілетін тәттіні тоса білген. Неміс ұлтының кішкентайлары шыдамсыздық танытып, олардың 28 пайызы ғана күте білген.
Зерттеу жүргізушілер мұның бәрі тәрбиеге келіп тірелетінін айтады. Батыс мәдениетінде балаға қысым түспеуі үшін, өз ойын ашық білдіруге, еркін және тәуелсіз болуына көп көңіл бөлінеді. Камерун елінің аналары керісінше, балаларына түрлі ойындар ұйымдастырып қасында көбірек болуын қалайды, үлкендердің алдында эмоцияға ерік бермеуге тәрбиелейді.
Германиялық кішкентайлар мен Африкалық балалардың арасында айырмашылық мұнымен бітпейді. Германиялық балалар тәттіні жеп қоймас үшін ойын басқаға аудару үшін түрлі әрекеттер жасады: бөлменің ішін айналды, өлең айтты, жүгірді тіпті кейбірі сыртқа шығып кетті. Ал Африкалық балалар байсалдылық танытты, эмоцияға салынбады, кейбірі күтіп отырып ұйықтап қалды.
Кейбір психологтардың тұжырымынша зерттеуге қарап, бұл: африкалық балалардың өзін өзі бақылауда ұстау қасиеті жоғары дегенді білдірмейді, бұл олардың зердесіне жету, сезінуінен туған жоқ, үлкендердің сұрауы бойынша жасалды делінген.
Оң нәтижеге қол жеткізу үшін бұл эксперимент бүкіл әлем бойынша жүргізілуі қажет - деп есептейді.
Қорытындылай келе айтарымыз, шыдамдылық таныту қасиеті адамда ғана емес жануарлар да болады. Мысалы, маршмелоу тесті маймылдарға сәтті жасалған. Құзғындардың шыдамдылық қасиеті 10 минутқа дейін жетті, шимпанзеден әлдеқайда жоғары.
Қазақ халқында мұны баяғыда айтып кеткен Сабыр түбі – сары алтын! . Балаңыз сабыр сақтай біле ме?
Дайындаған: Жадыра