Сабақтың тақырыбы: Эвфемизм мен дисфемизмдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Эвфемизм мен дисфемизм туралы толық мағлұмат беру. Эвфемизм мен дисфемизм сөздерінің жеткізу жолдарын ұғындыру. Оларды ажырата білуге үйрету
Дамытушылық: Оқу, жаттығу жұмыстары арқылы пікірлесу, іздендіру арқылы оқушының ойын, дүниетанымын, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: Тыйым сөздердің мәнін аша отырып адамгершілік тәрбие беру. Ізгілікке баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, баяндау, талдау, түсіндіру, топтастыру;
Пәнаралық байланыс: Әдебиет
Сабақ көрнекілігі: кесте, венн диаграммасы, интербелсенді тақта
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу;
2. Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.
ІІ. Өткен тақырыптарға шолу жасау
Асықтар ойыны арқылы өткен сабақты бекіту. Дорбадан асықтарға байланған сұрақтарға жауап береді.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Интербелсенді тақтадан сызбалар арқылы түсіндіріледі.
Дисфемизм – мағынасы жағынан эвфемизмге қарама - қарсы әдеби тілге жатпайтын, тұрпайы, дөрекі түрде айтылатын, біреуді қорлау, кеміту мақсатында пайдаланылатын сөздер.
Эвфемизм (грек. eu – жақсы, phemі – айтамын) – мағынасы тұрпайы сөздерді басқа атаумен ауыстырып, сыпайылап жеткізу.
Оқулықпен жұмыс
106 - жаттығу: Сөздерді эвфемизмдермен алмастырып жазу:
Ұры -
өсекші -
боқмұрын -
қырт
саңырау -
соқыр -
ақсақ -
мылқау -
топас -
жынды
Диалог құру
Өзіңді ата - анаң қалай еркелетіп айтады.
Сергіту сәті
Эвфемизм мен дисфемизмдер сөздерін мұрныңның ұшымен жаз.
Ү. Сабақты бекіту
Жинақтау, қорытындылау. (Тест)
ҮІ. Үйге тапсырма:
102 - жаттығу - Жаттығуды көшіріп жазыңдар, қарамен жазылған сөздердің мағынасын ашу.
УІІ. Бағалау