Тақырыбы: Ұлттық музыкалық аспап
Мақсаты: Балаларды ұлттық аспаптармен таныстыру.
Ұлттық аспаптарды бір бірінен ажырата білуге үйрету.
Әдіс – тәсілдері: таныстыру, сұрақ - жауап, қимыл жаттығуы, би қимылдары, аспаптарды таныстыру, тыңдау.
Сабақтың көрнекілігі: аспаптар: домбыра, қобыз, сыбызғы. Ұлттық аспаптар
бүктемесі. Интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Балалар залға марш әуенмен кіреді.
Жетекші:
- Сәлеметсіз бе балалар? ( до – ре – ми – фа – соль – соль - соль)
Балалар:
- Сәлеметсіз бе! (соль – фа – ми – ре – до)
Музыка жетекшісі: (қолына білезік тағып)
Оң қолымда білезік
Сол қолымда білезік,
Сәнді көйлек киелік
Бәріміз бірге билейік.
(Қимылдарын мәнерлі ырғағына сай орындауға назар аудару)
- Екі қолды алға созып, қолды ішке қарай бұрау, тізені бүгіп тұру;
- Екі қолды жоғары көтеріп, қол буындарын ішке қарай бұрау, тізені бүгіп тұру;
- Қолды екі жаққа созып, қол буындарын бұрап, бір орында айналу;
Балалар баяу музыкамен орындарына отырады.
Жұмбақ жасыру
Ұзын мойын екі шек,
Қатар – қатар тепкі
Басып қалсаң бір бірлеп
Күй шығады күмбірлеп.
- Балалар, Бұл жұмбақ қандай музыкалық аспап туралы? (Домбыра)
- Біз домбырадан басқа да аспаптарды білеміз ғой? (иә)
Ұлттық аспаптар туралы жалпы түсінік беру.
Домбыра – қазақтың ұлттық аспабы. Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап. Бұл аспапты халық арасынан шыққан небір шеберлер ерекше әсемдеп, шешен сөйлеуге тырысқан.
Қобыз – Ысқыспен ойналатын, қос ішекті ескі музыкалық аспап. Халық арасындағы аңыздарға қарағанда, бұл қобыздың пайда болуы сегізінші ғасырда өмір сүрген, күй атасы Қорқыттың есімімен тығыз байланысты.
Жетіген – жеті ішекті шертіп ойнайтын музыкалық көне аспаптардың бірі. Бұрауы жоқ. Сондықтан оны, құлақ күйі жеті асықты ілгерілі – киінді орналастыру арқылы келтіреді. Шанағы тұтас ағаштан ойылып жасалады.
Сыбызғы – үрлеп ойнайтын ескі музыкалық аспап. Бармақ басатын үш тетігі бар. Сыбызғы аспабының үні самал желдей майда, үні жұмсақ, ерекше әсерлі. Сыбызғы негізінен ағаштан және қурайдан жасалады.
Жетекші:
- Композитор Н. Тілендиевтің Ата толғауы күйін үнтаспа арқылы тыңдату.
Жетекші:
- Күйді тыңдай отырып, қандай таныс аспаптардың үнін естідіңдер?(домбыра, қобыз, сыбызғы т. б) Музыкалық дидактикалық ойын
Аспапты тану
Ойын ережесі: Үнтаспа арқылы аспаптар үні беріледі (балалар қимылмен көрсетеді)
Домбыра – Домбыра аспабында қалай ойнайды? (Шертіп) Ендеше шертпелі аспап
Қобыз – Қобызды қалай ойнайды? (Ысып) Ендеше ыспалы аспап
Жетіген – Жетіген аспабында қалай ойнайды? (Шертіп) Жетіген шертпелі аспап
Сыбызғы – Сыбызғы аспабында қалай ойнайды? (Үрлеп) Үрмелі аспап
Сергіту сәті
Әуенін тап
Шарты: Музыка жетекшісі үнтаспа арқылы әртүрлі әуендерден үзінді ойнатады.
Балалар, сол әуендердің қандай ән екенін естеріне түсіріп, әннің атын атайды. Ойын
Аспаптарды ажырат
Ойынның шарты: Тақтаға ұлттық аспаптардың суреттерімен қатар әр түрлі суреттер ілінеді. Балалар сол суреттердің ішіндегі ұлттық аспаптардан басқа суреттерді алып тастаулары керек.
Қорытынды.
Балаларды шеңберге тұрғызу.
- Тақтада қандай суреттер қалды? Домбыра, сыбызғы, қобыз т. б
- Міне, біз оларды бір сөзбен нелер деп айтамыз? аспаптар
- Біз ұлттық аспаптардың түрлерімен таныстық.
- Сендерге сабақ ұнады ма?
- Жарайды, ендеше жақсы көңіл - күй мен сабағымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар
(Марш екенімен залды айналып шығу)